Түрмеде отырған 1 мыңнан астам адам есірткіге тәуелді - ІІМ

05.09.2023, 18:48
682
Түрмеде отырған 1 мыңнан астам адам есірткіге тәуелді - ІІМ canva.com

Түрмеде отырған 1 мыңнан астам адам есірткіге тәуелді. Бұл туралы ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Бақытжан Әмірханов айтты, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

«Қазақстанда 35 мыңнан астам адам түрмеде отыр. Олардың шамамен 10 пайызы, яғни 3 мыңнан астамы есірткі қылмысын жасағаны үшін бас бостандығынан айыру орнына қамалған. Ал олардың ішінде 1 мыңнан астамы есірткіге тәуелді. Ал 2 мыңы есірткіге тәуелді емес, сатумен айналысқандар. Бас бостандығынан айыру орындарында медициналық бөлім бар. Олар сол жерде ем алады. Бұл бағытта жұмыс жүргізіліп жатыр», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметінде дөңгелек үстел барысында.

Оның атап өтуінше, 2016 жылдан бері Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспар сынды бағдарламалық құжат болмаған. Соңғы құжат 2012-2016 жылдарға арналған. Содан кейін мемлекеттік ауқымдағы мұндай құжат қабылданбаған.

«Жағдайдың өзі жастардың (есірткіге) бейім екендігін көрсетіп отыр. Есірткіге тәуелділер көп, қылмыстық жауапкершілікке де жиі тартылып жатыр. Сондықтан да бұл дер уақытында қабылданған іс-шара. Біз таяу үш жылдың ішінде межеленген барлық тармақты жүзеге асырып, елдегі есірткіге қатысты ахуалды тұрақтандыруымыз қажет», - деді Бақытжан Әмірханов.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды