Астанада мектеп оқушылары бір-бірін таптап кете жаздады – видео

05.09.2023, 20:59
860
Астанада мектеп оқушылары бір-бірін таптап кете жаздады – видео ernur.kz

Астана қаласының білім басқармасы әлеуметтік желіде тараған видеоға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Видеода жүздеген оқушының кептеліп қалғаны анық көрініп тұр. "Помогите! Помогите!" деген сөздер естіледі.

Қалалық білім басқармасы бұл жағдайға мектеп тапшылығы себеп болды деп отыр. Бүгінде бірнеше мектепте балалар үш ауысыммен оқиды. Сыныптарда ине шаншар жер жоқ. 71 мектеп-лицей де сондай мектептерге жатады. Желіде тараған видео осы білім ордасында түсірілген.

"71 мектеп-лицей (І.Омаров көшесі, 4) үш ауысыммен оқиды. Үшінші ауысымның оқушылары алтыншы сабақтан кейін бір уақытта шыққан. Сол кезде кезекшілер сырт киімді беріп үлгермеген", - дейді басқарма мамандары.

Шенеуніктердің айтуынша, қазіргі кезде бұл проблема уақытша шешілді. Енді оқушылар сырт киімін әрбір қабатта қалдыра алады. Соның арқасында видеода түсірілген кептеліс бұдан былай қайталанбайды.

Әкімдік таратқан мәліметке сәйкес, бүгінде үш ауысыммен оқитын мектептерді азайту бойынша жүйелі жұмыстар атқарылып жатыр. Осы оқу жылында 11 мектеп ашылады деген жоспар бар. Бүгінде төртеуі өз жұмысын бастап кетті.

Ал "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында 2024-2025 жылдары барлығы 24 мектеп салынады. Осылайша, қосымша 90 мың орын болады. Соның ішінде Есіл мен Нұра аудандарында 15 жаңа мектеп ашылады.

 
Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады