«3 қызды жабылып сабаған»: Семей полициясы қылмыстық іс қозғады

07.09.2023, 16:07
570
«3 қызды жабылып сабаған»: Семей полициясы қылмыстық іс қозғады canva.com

Семей қаласында дәмхана маңындағы төбелеске қатысты күдіктілер анықталды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Әлеуметтік желіде Семейдегі дәмханалардың біріндегі төбелестің видеосы тарады. Онда «8 әйелдің 3 қызды жабылып сабағандары» жайлы жазылған.

Абай облыстық Полиция департаменті қазіргі уақытта төбелеске қатысқандардың кім екендігі анықталғанын мәлім етті.

«Аталған фактіге қатысты орталық полиция бөлімі ҚР ҚК 293-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарының басталғанын хабарлайды. Тәртіп сақшылары жанжалға қатысқан 21-29 жас аралығындағы қала тұрғындарын анықтады. Бүгінде тергеудің толықтығы мен объективтілігін қамтамасыз етуге бағытталған шаралар жүргізілуде», - делінген департаменттің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Әзірге әйелдер арасындағы даудың неден туындағаны белгісіз.

Ведомство мәліметінше, Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің деректері жария етілмейді.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді