Ғалымдарымыз коррозияға қарсы бояу технологиясын ойлап тапты

02.10.2023, 18:56
536
Ғалымдарымыз коррозияға қарсы бояу технологиясын ойлап тапты Видеодан алынған кадр

Отандық ғалымдар коррозияға қарсы бояу жасайтын тың технология ойлап тапты, деп хабарлайды «Хабар 24»

Ғалымдардың бұл еңбегі елеусіз қалмады. Мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп, ғылымды коммерцияландыру сатысынан сәтті өтті. Қазір жоба авторлары Астанадағы бояу шығаратын зауытпен бірлесіп жұмыс істеуге кіріскен.

Ғалымдар коррозияға қарсы бояу технологиясын қазір өндіріске енгізуге дайындалып жатыр. Ол үшін мынандай зертхана да жасақтап қойыпты. Бұл бояулар мұнай-газ, энергетика құбырларын бояуға арналмақ. Өнертабысты қазір «Ғылым қоры» қолдап, қаржыландыра бастады. 

Жаңа өнімнің болатты ұзақ жылдар тоттан қорғауға қауқары бар. Яғни, 15 жылға дейін темірді шіріп кетуден сақтайды.

- Зертханамыз жабдықталды. Барлық жабдықтарын алдық. Келіп жатқан шикізат өнімдері мен өндірілген өнімнің бәрі сападан өтуі керек. Сондықтан зертхана сол сапасын тексереді. Қазір түрлі мұнай саласындағы мекемелермен кездесулер өтіп, таныстырып жатырмыз,- деді Гүлмира Баймағанбетова, жоба жетекшісі.

Ғылыми жоба қазір бояу зауытының базасында сынақтан өтіп жатыр. Экологиялық өнімге әлден сұраныс бойынша кезекте тұрғандар бар. Сондықтан ішкі нарықты толық қамти аламыз, - дейді мамандар.

Себебі бұған дейін алып өндіріс орындары коррозияға төтеп беретін бояуларды тек шеттен тасуға мәжбүр болған.

- Қазақстанда лак-бояу өнімдерінің жалғыз өндірушісі болып табыламыз. Біз қазақстандық борпылдақ және сұйық шикізаттарды қолданамыз. Дайын бояулар әртүрлі өнеркәсіптік салаларда, мысалы, тау-кен, автокөлік, көпірлерді бояуға қолданылады, - Максим Демышев, бас директордың өндіріс жөніндегі орынбасары.

 Енді ғалымдар бұл ғылыми еңбегін патенттеп алмақ ниетте. Өтініш беріп, нәтижесін күтіп отырғанын айтады. Ал бояудың осы түрін зауытта жыл соңына дейін шығарамыз деп отыр.

Рим папасы Путин мен Зеленскийге келіссөзді Ватиканда өткізуді ұсынды Атыраулық еркек бес жыл бойы өгей қызын зорлап келген «Соғыс тоқтамайды»: Украина мен Ресей арасындағы келіссөз екі сағатқа да созылмады Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтады Ақтөбеде бизнесмендерді бопсалаған «Антикор қызметкері» ұсталды Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды «Қыздың бәрін ғашық қылған»: Тамара Асар тәлімгер Мұхамеджан Тазабектің серілігін айтты (ВИДЕО) «Мәдинаға келіп-кетіп жүретін»: марқұм әншіге Болат Назарбаев зәулім үй сыйлағаны белгілі болды Free Fire алаяқтығы: Шымкенттік оқушы «үздік» ойын аккаунты үшін 2 миллион теңгеден айырылған Назарбаев мектебіне түскен оқушы қуаныштан жылап қалды (ВИДЕО) «Шоколад орнына телефон»: Павлодардағы түрмеге телефон жасырып кіргізбек болған Астанада жеңіл көлік жолдан өтіп бара жатқан баланы қағып кетті Жапонияда қылмыстық топ құрған өзбек жігіттер ұсталды (ВИДЕО) Ұлыбритания Ресейге қарсы санкцияларды күшейтуге шақырды «Шерзатты шатастырып ұрып кетіппін»: Сотта күдікті Белқожаев жауап беріп жатыр «Көзінің ішінде оқ бар»: Ақтауда 11-сынып оқушысын жасөспірімдер атып кетті «Келесі күні мектепке бардым»: Айыпталушы жасөспірім Шерзаттың отбасынан кешірім сұрады Танымал балуанның үйінде құлдықта болдым деген Мұқанның ісі тоқтатылды «Ақшаны алмадым»: Жамбылдық әйел асырап алған баласын оқтаумен ұрған Трамптың он бірінші немересі дүниеге келді