Қазақстандықтар жеке деректерін қалай қорғайды - Министрлік өкілі түсініктеме берді

02.10.2023, 20:59
524
Қазақстандықтар жеке деректерін қалай қорғайды - Министрлік өкілі түсініктеме берді canva.com

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Дербес деректерді қорғау басқармасының басшысы Әділетхан Қабдеш азаматтарымыздың дербес деректері қалай қорғалатынын айтты.

Бұған дейін депутаттар "ҚР-ның кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасына өткен жылы шілдеде бастама жасаған болатын.

"Негізінен бұл заң жобасында ҚР дербес деректерін күшейту және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер көзделген, - деді ол.

Басқарма басшысы Әділетхан Қабдеш қазіргі күні алаяқтардың іс-әрекеттері көбейіп кеткенін айтты.

Азаматтар материалдық тұрғыда көптеген шығын көріп жатыр, - деп айтты басқарма басшысы.

“Ол енгізіліп жатқан заң жобасының негізгі өзгерістеріне тоқталып өтті.
Біріншіден, ҚР-ның Дербес деректерді қорғау уәкілетті органына (Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі – авт.) дербес деректерді қорғау саласына мемлекеттік бақылау функциясын беру. Яғни қазіргі таңда егер біздің уәкілетті органға азаматтар деректеріне қатысты шағым жасаса, онда біз бизнес субъектісіне барып, тиісті тергеу жүргізіп, мән-жайды анықтаймыз. Бұған дейін мұндай функция болған жоқ. Себебі Дербес деректерді қорғау органы 2023 жылы ғана пайда болды. Оған дейін бұл жұмыспен прокуратура органдары айналысты”, - деп түсіндірді Әділетхан Қабдеш брифингте.

Ол заңнамаға енгізіліп жатқан өзгеріс туралы айтты. Ол – қағаз тасығыштағы жеке басты куәландыратын құжаттардың көшірмесін жинауға және өңдеуге тыйым салу.

“Сонымен қатар Қазақстанда "дербес деректердің қауіпсіздігін бұзу", яғни "жылыстауы" деген термин енгізіп жатырмыз. Дербес деректердің жылыстауы болған кезде уәкілетті органдардың, дербес деректер базасының субъектілері мен операторлары және ақпараттық қауіпсіздік орталықтарының іс-қимылын біріктірудеміз. Яғни дербес деректер жылыстаған жағдайда азаматтарды нақты хабардар етеміз. Ол eGov немесе 1414 нөмірі арқылы SMS-хабарлама жіберіледі. Мысалы, егер сіздің деректеріңіз жылыстап кетсе, сіз ол туралы білетін боласыз. Яғни алаяқ хабарласқан жағдайда оған алданып қалмауға дайын боласыз”, - дейді Әділетхан Қабдеш.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды