ШҚТУ-да CITech-2023 халықаралық конференциясы өтті

Балкис Изтаева Редактор
11.10.2023, 20:26
764
ШҚТУ-да CITech-2023 халықаралық конференциясы өтті gov.kz

Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің 65 жылдық мерейтойына орай «Computational and Information Technologies in Science, Engineering and Education (CITech-2023)» конференциясы өтті.

Айтулы конференцияның тарихы бай, тағылымы терең. 20 жыл бұрын конференция аясы санаулы мемлекетпен шектелсе, бүгінде Орталық Азия, Ресей, Балтық елдерін қамтып, өрісін кеңейтті.

Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ ректоры Сәуле Рахметуллина CITech-2023 конференциясының негізгі мақсатын ашып айтты.

«Конференция тәжірибе алмасуға, ғылымның, техниканың, білім берудің және өндірістің түрлі салаларында есептеу мен ақпараттық технологияларды қолдану саласындағы жетекші ғалымдардың проблемаларын талқылауға, іргелі және қолданбалы математикалық зерттеулердің жаңа нәтижелеріне, сондай-ақ халықаралық ғылыми-техникалық ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған»,- деді ректор.

Ғалымдардың алқалы жиынында айтылған ғылыми ұсыныстар жоғары оқу орнының практикалық қызметінде кеңінен қолданыс табатыны сөзсіз. Люблин техникалық университетінің профессоры Waldemar Wójcik, dr hab. inž. «Талшықты-оптикалық датчиктерден сигналдарды өңдеу әдістерін талдау» тақырыбындағы баяндамасымен дүйім елдің қызығушылығын оятты.

Қазіргі жоғары технологиялық заманда осындай технологияларға сұраныс та, ғылыми мүдде де жоғары. Ғалымдар, кәсіпкерлер мен сарапшылар тәжірибе алмасу, ғылымның, техниканың, білім берудің және өндірістің әртүрлі салаларында есептеу және ақпараттық технологияларды қолдану мәселелерін талқылады. Іргелі және қолданбалы математикалық зерттеулердің жаңа нәтижелерін ұсыну, сондай-ақ халықаралық ғылыми-техникалық ынтымақтастықты кеңейту жолдарын қарастырды.

Айта кету керек, конференцияға "ҮМЗ" АҚ, "Майлы дақылдардың тәжірибелік шаруашылығы" ЖШС, Freedom Telecom, Oskemen IT-Hub, Білім берудегі жаңа технологиялардың Шығыс Қазақстан өңірлік орталығы, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті өкілдері қатысты.

Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды