604

Қазақстанда этникалық орыстарды өлтіруге шақырған ер адам қамауға алынды

Журналист Михаил Козачков елімізде этникалық орыстарды өлтіруге шақырған ер адам қамауға алынғанын мәлімдеді.

Қазақстанда этникалық орыстарды өлтіруге шақырған ер адам қамауға алынды
stan.kz

Ер адамға қатысты Қылмыстық кодекстің 174-бабы "Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру" бабымен іс қозғалған. 

"Танысып қойыңыздар, Мукин Мейірбек Құдайбергенұлы, 1991 жылы дүниеге келген. Павлодар облысының тумасы. Жақында ол ғаламторда орыстарды өлтіруге шақырған. 14 қазанда Қарағандыда полиция қызметкерлері тұтқындап, изоляторға қамалды", – деп жазды Козачков. 

Оның сөзінше, Мукин бұған дейін де істі болған.