Оқиға қаладағы Гагарин саябағында болған. Әлеуметтік желі қолданушыларының бірі Іnstagram парақшасында ер адамның баласын балағаттап, ұрғанын жазған.
Ол оның мұрнын жарды. Дереу полиция шақырдым, 2 минутта жетті. Тәртіп сақшылары жағдайды анықтап жатқанда әйел баламен қашып кетті. Бұл бірінші рет болып тұрған жағдай емес сияқты, – дейді видео авторы.
Облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Гагарин саябағында кәмелетке толмаған ұлын ұрған ер адам мас болған.
52 жастағы ер адамға қатысты ұрып-соғу немесе физикалық ауыртпалық тудырған өзге де күш қолдану әрекеттерін жасау фактісі бойынша ӘҚБтК-нің 73-2-бабы 1-1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалып, материал сотқа жіберіледі. Сотқа дейін ер адам уақытша ұстау камерасына орналастырылған, – деп мәлімдеді облыстық ПД.
Сондай-ақ ер адам қоғамдық орында мас болып жүргені үшін ӘҚБтК-нің 440-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Кәмелетке толмаған ұлына сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оның нәтижесі бойынша процестік шешім қабылданады.