Қазбасынан қазасы көп «АрселорМиттал Теміртау»

30.10.2023, 10:28
820
Қазбасынан қазасы көп «АрселорМиттал Теміртау» canva.com

Сырттан жарамсақтанған ірі инвесторларға толық сене беруге болмайтыны тағы да алдымыздан шықты.

Қарағанды шахтасындағы осы жолғы апаттан кейін жауапсыз инвестор деген нәрсе шекемізге тиіп отыр. Жер жүзінің әр қиырында кеніштері бар «АрселорМиттал» танымал металлургиялық компаниясы өзінің Қазақстандағы жұмысын қатырмады. Еліміздегі ең нашар компания деген атқа қалды. Себебі кешегі апат алғашқысы емес. Бұған дейін де талай рет апатқа ұшырап, адамдар қаза болды. Президенттің тапсырмасымен үкіметтің бұл компаниямен инвестициялық ынтымақтастығы тоқтатылды. Қасым-Жомарт Тоқаев апаттың мән-жайын анықтап, тиісті шешім қабылдау үшін Қарағанды облысындағы қайғылы оқиға орын алған жерге барды. Қаза тапқан кеншілердің отбасыларымен кездесіп көңіл айтты және  жедел штабтың отырысын өткізді.

Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтада қайғылы оқиға 28 қазанға қараған түні сағат  02:33-те болды. Жарылыс кезінде шахтада 252 кенші болған, оның 206-сы жер бетіне шығарылған, қалғандары жер астында қалды. Өкінішке қарай 29-қазан күнгі мәліметте 43 адамның денесі табылғаны хабарланды. Ал шахтадан шығарылғандарға медициналық көмек көрсетілді. 18 шахтер уланған екен, дәрігерлер аман алып қалды. Әлі табылмағандарды іздеу жұмысы жалғасып жатыр.

Алдын ала мәлімет бойынша, апатқа көмір оятын орыннан өрт шығуы себеп болған. Өрттің салдарынан метан жарылған. Табылған марқұмдарды тану мүмкін болмағандықтан ДНК-лары зерттелген. Салыстыру мақсатында туыстарынан қан алынған көрінеді.

Таяуда ғана, тамыз айында «АрселорМиттал Теміртаудың» «Қазақстан» шахтасында апат болып,  5 адам қаза болған еді. Оның алдында Ленин атындағы шахтасында 4 адам, одан ілгеріде Теміртаудағы металлургия комбинатында 4 адам апаттан қаза болған.  

Костенко атындағы шахтадағы бүгінгі апат өндірісте болған ең ірі апат ретінде аталып жатыр. Бұған дейін үлкен апат 2006 жылы Ленин атындағы  шахтада болды. Сол апатта 41 кенші қаза болды.

Президент 29-қазанды ұлттық аза тұту күні деп жариялады. Елдің аумағында барлық тулар төмен түсірілді. Ол комиссия құрып тексеру жүргізуді, кінәлілерді жазаға тартуды тапсырды. Сонымен қатар қаза болғандардың отбасыларына жан-жақты көмек көрсетілетіні айтылды. Президенттің атына шет елдердің көшбасшыларынан көңіл айту жеделхаттары келіп жетті.

Бұл компанияда апат жиі орын алып келді. Тек соңғы оншақты айдың ішінде үш рет апат болыпты. «АрселорМиттал Теміртауға» ел тарихындағы ең нашар компания деген баға берілді. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, Қарағанды облысы жұмысшылар өлімі жөнінен 20 жылдан бері бірінші орында тұр. Мұнда жыл сайын болып келген апаттардан кемі 31, ал көбі 112 адамға дейін қаза болған. Апатқа ұшырап көз жұмғандар негізінен 30-45 жас аралығындағы ер адамдар. 2023 жылды қоспағанда Қарағанды шахталарында қаза болғандардың саны 460 адам болды. Оған биылғы үш апатты тағы қоссаңыз бұл қаралы сан арта түседі. Бас прокуратура тергеу жұмысын бастады. Тау-кен немесе құрылыс жұмыстары кезіндегі техникалық қауіпсіздіктің талаптары мен тәртібінің сақталмауына кінәлі адамдар жауапқа тартылса керек.  

Қарағанды облысының әкімдігі шахтада қаза болғандардың отбасыларының тізімін жасап жатыр. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша оларға толыққанды көмек көрсетілетін болады. Атап айтқанда, компания қаражаты есебінен отбасыларға баспана сатып әперіледі, моральдық зиян үшін 10 жылдық жалақы мөлшерінде біржолғы төлем жасалады, 18 жасқа дейінгі балаларына ай сайын, егер студент болса 23 жасқа дейінгі балаларына да ай сайын төлем жасалады, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жалақысына байланысты ай сайын төлем жасалады, қамқорлықтағы адамдардың санына байланысты асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы төленеді, жұмыс берушінің қаражаты есебінен отбасылардың несиелерін өтеледі, жерлеуге байланысты барлық шығындар өтеледі, қаза тапқандардың балалары мен жұбайлары жұмысқа орналастырылады, жұбайлары мен балаларына санаторийлерге емделу жолдамасы беріледі, пеш жағатын отбасыларға жыл сайын көмір беріледі. Бұл көмекті көрсету Үкіметтің бақылауында болады.

«АрселорМиттал Теміртау» компаниясын Қазақстанның қарауына алу бойынша рәсімдер жедел түрде басталды. Енді бірер күнде бұл рәсім толық аяқталады деп жатыр. Мүмкін отандық инвесторға өткізілер. Компанияның аты да өзгеруі ғажап емес.

Ең бастысы, өндіріс орнында апаттың болуына жол бермеу. Көмір мен темірден адамның өмірі қымбат. Компанияның жаңа басшысы бұрын сол жерде жұмыс істеген, кейін облыс әкімінің орынбасары болған Вадим Басин деген азамат. Оған компанияның басшылығын президенттің өзі сеніп тапсырып отыр.

Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді қызметтен босатты Алматыда Lexus көлігі баланы басып өтіп, көмектеспестен қашып кеткен (ВИДЕО) Чемпион боксшы жарақатына байланысты мансабын аяқтады