874

“Ақша, әйтпесе жарамын!”: қарағандылық полицейлер жалған террористті ұстады

Танысымен жанжалдасып қалған мектеп оқушысы оның атынан жалған хабарлама жіберген.

“Ақша, әйтпесе жарамын!”: қарағандылық полицейлер жалған террористті ұстады
polisia.kz

“City Mall” сауда орталығында бомба жасырылды деген жазба облыстық әкімдіктің электронды поштасына түсті, деп хабарлайды smartnews.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Хатта қыз таныс құрбысының нөмірін жазып, бомбаны жармау үшін төлем талап еткен. Оқиға орнына дереу жеткен шұғыл қызмет өкілдері сауда үйінен 200-ден астам адамды эвакуациялап, ғимаратта тексеру жұмыстарын жүргізді.

Алайда ешқандай жарылғыш зат табылған жоқ. Іздестіру іс-шараларының нәтижесінде қарағандылық жедел уәкілдер хабарламада көрсетілген абоненттік нөмірдің иесін – 14 жасар қызды анықтады.

Алайда одан әрі тексеру барысында хабарламаны онымен жанжалдасып қалған құрбысының жібергені анықталды.