Қауіпсіздік күшейтілді: Астанаға келетін президенттер легі көбейді

01.11.2023, 15:23
705
Қауіпсіздік күшейтілді: Астанаға келетін президенттер легі көбейді smartnews.kz

Кеше Астананың сыртындағы кіреберіс жолдарға блокбекеттер қойылды.

Көліктерді тоқтатып, тексеріп өткізетін ондай бекеттер жеті жерден орын тепті. Ал құқық қорғау органдарының жұмысы күшейтілген режимге ауысты. 

Астана қалалық полиция департаментінің хабарламасынан:

Бүгіннен, яғни 31 қазан сағат 08.00-ден бастап қаланың периметрі бойынша Қарағанды, Қосшы, Көкшетау, Павлодар қалаларының, сонымен қатар Қорғалжын, Астраханка кенттерінен, халықаралық әуежайдан қалаға келетін жолдарға 7 блокпост қойылды. Бұл шара азаматтардың құжаттарын, сондай-ақ автокөліктерде тыйым салынған заттардың бар-жоғын тексеруге бағытталады.

Белгілі болғанындай, блокбекеттер қойылып, полиция қызметінің күшейуі Қазақстанға шет ел көшбасшыларының келетінімен байланысты екен. Әлем толқып, ұстараның жүзіндей алмағайып шақ туындап тұрған қазіргі уақытта сақтықтың күшейгені дұрыс та болар. Бүгінде әлемді митинг, акция деген жайлап барады. Сондықтан шет ел басшылары Қазақстандағы жұмыстарын тыныштықпен тындырып кеткені де аброй шығар.

Бүгін, 1-қарашада Астанаға Франция президенті Эммануэль Макронның ресми сапармен келетіні хабарланған. Ол Қазақстанға президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен келеді делінген. 2-қарашада Қазақстанға Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан келеді. 3-қарашада Астанада Түркі мемлекеттері ұйымының мерейтойлық Оныншы саммиті өтеді. Түркия, Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан көшбасшылары қатысады. Венгрия мен Түркіменстан басшылары бақылаушы елдер ретінде отырады. 

Түркі мемлекеттерінің бас қосқаны жақсы. Бұған Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның өзі келеді деп күтілуде. Ортаға салып талқылайтын нәрсе көп. Саммиттің жұмысына сәттілік тілейміз.

Саммиттің жөні түсінікті. Ердоғанның Астанада төбе көрсетіп кеткенінің өзі не тұрады. Түркия Қазақстанның төртінші ірі сауда серіктесі екені айтылды. Өткен жылы екі елдің тауар айналымы 6,3 миллиард долларға жетті. Ал биылғы жылдың жеті айында бұл көрсеткіш 3,6 миллиард долларды құрады. Қазақстанда түрік капиталы бар 4300 компания жемісті жұмыс істейді. Осы бірер күн бұрын ғана Тоқаев пен Ердоған телефон арқылы сөйлескен. Біздің президентіміз Түркия президентін Түркия республикасының 100 жылдығымен құттықтады. Түркияның Газа секторына гуманитарлық көмек жеткізу бастамасы және Израильдің соққыларынан бейбіт тұрғындар қаза болып жатқаны да әңгімеге арқау болған. Ердоған Астанада өтетін Түркі мемлекеттерінің саммитінде Израильдің халықаралық құқықты бұзуына жол бермеу, атысты тоқтатудың және қақтығыстарды болдырмаудың  жолдарын егжей-тегжейлі талқылау керектігін айтқан. Ердоған сондай-ақ Тоқаевқа Қарағанды облысында шахтерлердің қаза болуына байланысты көңіл айтты.

Франция президенті Эммануэль Макронның Астанаға мемлекеттік сапары да елеулі оқиға. Алдын ала хабарланғанындай, Қазақстан және Франция президенттері екі ел арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық және энергетикалық ынтымақтастықты нығайту мәселелері жөнінде келіссөз жүргізеді. Әрине, халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді де талқылайды. Қазақстан Президенті бұған дейін, яғни былтыр қарашада Парижге барып, Макронмен келіссөздер жүргізген болатын.

Биылғы сәуірдің басында Қасым-Жомарт Тоқаев Франция президентінің арнаулы өкілі Изабель Дюмонды қабылдаған еді. Арнаулы өкіл Франция президенті Эмманюэль Макронның хатын табыс еткен. Тоқаев Франция Қазақстанның Еуропадағы басты саяси және экономикалық серіктестерінің бірі екенін айтқан. Былтыр күзде Тоқаев пен Макрон Францияда екі сағаттай әңгімелескен екен. «Елдеріміз арасында барлық деңгейде белсенді және сенімді саяси диалог орнаған», – деген Тоқаев. Мемлекет басшысының айтуынша, 2008 жылы Еуропалық Одаққа мүше мемлекеттердің арасында Франция бірінші болып Қазақстанмен стратегиялық серіктестік туралы шартқа қол қойған.

Франциямен осындай бір жақындастық бар. Оның президентін Тоқаев Астанаға сапарға арнайы шақырған еді. Макронның сапары экономикалық және саяси ынтымақтастыққа тың серпін береді деп күтілуде. Әлі жүзеге асырылатын көптеген келісімдер бар. Елімізде Францияның жетекші компаниялары жұмыс істейді, одан бөлек, француз капиталының үлесі бар 170 кәсіпорын істеп тұр.

Венгрияның премьер-министрі Виктор Орбанға келсек, онымен де сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салаларда келіссөздер жүргізіледі. Әрі ол бақылаушы ретінде Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне қатысады.

«Келін түсірмесек, істемейміз»: Сәкен Майғазиев ұлының үйлену тойына дайындықты бастады (ВИДЕО) «Мақпалдың бетін мен аштым»: Мұхамеджан Тазабек Заманбек Нұрқаділов туралы айтты «Сұлу болғандықтан қызыққан»: Меруерт Түсіпбаеваға өзінен кіші жігіт үйленуге ұсыныс жасады (ВИДЕО) «Полиция кінәлі»: Ақтөбеде оқушы қыз жарыс кезінде мұрнын сындырып алды (ВИДЕО) Астана циркінде акробат қыз бес метр биіктіктен құлап кетті (ВИДЕО) 7 жастағы бала 40 метрлік құдыққа құлап кетті «Қанды бірден сүртіп тастаған»: Мысыр әуежайында көз жұмған әйелдің жан құрбысы жағдай туралы айтып берді Ақтаулық шахматшы ел тарихындағы ең жас халықаралық гроссмейстер атанды Тазабектің тойында ән айтқан Бекболат Тілеуханға 15 жылқы, 1 түйе және 1 көлік сыйға берілді Ақтауда жүргізуші әйел бала қағып кетіп, оқиға орнынан қашып кеткен (ВИДЕО) Шымкенттегі Әуезов университетінің басшысы 256 млн теңге жымқырған Ресейде түрмеден қашқан өзбек азаматтары сотталды «Унитаздан шығып, асүйдегі пештің үстінде отыр»: Елімізде тышқандар унитаз арқылы пәтерге кіріп жатыр (ВИДЕО) Жігер Ауыпбаев әйелімен ажыраса сала бір қызға қатты ғашық болғанын айтты Журналист Мысырда қаза тапқан Ақмарал Мұқанова туралы айтып берді Джо Байденге қатерлі ісік диагнозы қойылды Каспий теңізінде жер сілкінісі болды Антикор Ермек Тұрсыновқа қатысты тергеу жүргізіліп жатпағанын айтты «Бір қоңыраумен-ақ соғысты тоқтатамын»: Трамп Путин мен Зеленскийге хабарласпақ Бүгін ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жарияланды