Павлодарда ата-аналар жоғары сыныптың оқушысы жеті жасар баланы зорлағанын мәлімдеді

08.11.2023, 09:06
861
Павлодарда ата-аналар жоғары сыныптың оқушысы жеті жасар баланы зорлағанын мәлімдеді canva.com

Павлодарда ата-аналар жоғары сыныптың балалары 2-сынып оқушысын зорлағанын мәлімдеді.

Павлодарлықтар оқиғаны жергілікті депутатқа айтып, шағымданды.

Олардың айтуынша, жасөспірімдер жеті жасар оқушыға жыныстық азғындық жасап, соны видеоға түсірген.

Ата-аналар оқиғаның екі апта бұрын болғанын айтады. Жәбірленушінің анасы баласына одан әрі зиян тигізбеу үшін полицияға бармай, мұны жасырын қалдырған. 

"Бұл факт білім бөлімінде 6 қарашада тіркелді. Қызметтік тексеру жүргізіледі. Білім бөлімінің, білім сапасын қамтамасыз ету департаментінің өкілдері, ювеналды полиция инспекторы, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия хатшысы оқу орнына барды. Мектепте алдын алу кеңесі өтті. Мәселе кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысында қаралады, қорытындысы бойынша шаралар қабылданады. Қазір барлық жағдай анықталуда", – деді Павлодар білім бөлімінің басшысы Қуаныш Қыдыралин.

Павлодар облысы бойынша бала құқықтары жөніндегі уәкіл Наталья Покидова бұл оқиғамен полицейлер айналысып жатқанын хабарлады.

"Факт тіркелді. Полиция сотқа дейінгі тергеу жүргізеді, қызметтік тергеу жүргізілуде. Психологтар іске қосылған", – деді Покидова.

Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды