200-ден астам мұғалім «Болашақ» бағдарламасымен шетелде тағылымдамадан өтіп жатыр

10.11.2023, 16:01
1088
200-ден астам мұғалім «Болашақ» бағдарламасымен шетелде тағылымдамадан өтіп жатыр globalnews

Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Шығыс Қазақстан облысы тұрғындарымен кездесуде айтты.

Елімізде қызмет ететін мұғалімдер 200-ден астам қазақстандық педагог «Білім беру» және «Педагогика» бағыттары бойынша «Болашақ» бағдарламасымен шет елдерде тағылымдамадан өтіп жатыр.

«Сапалы білім берудің негізі - мұғалімдердің әлеуетін үздіксіз арттыру екені белгілі. Осыған орай педагогтерді кәсіби дамыту жүйесі түбегейлі өзгеруде. Биыл 142 мың педагог біліктілікті арттыру курстарынан өтуде. Негізгі назар ауыл педагогтеріне бағытталған. Олардың үлесі 70%-ды құрайды», - деп атап өтті Ғани Бейсембаев.

Ведомство басшысының айтуынша, бірінші басшылардың кәсіби әлеуетін тиімді пайдалану мақсатында мыңға жуық балабақша меңгерушісі, мектеп және колледж директорлары ротацияланды. 

«Президенттік жастар кадрлық резервінің үлгісі бойынша «Білім берудегі өзгерістің 1 000 көшбасшысы» іріктеліп, пилоттық режимде даярлаудан өтіп жатыр. Осылайша, 2024 жылдан бастап жыл сайын жаңа форматтағы басшылардың кадрлық резерві толықтырылатын болады. Колледждердегі менеджмент жүйесін жақсарту үшін  осындай кадрлық резервті жасақтау жұмыстары орта кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарында да қолға алынбақ», - деді министр.  

Сондай-ақ, үздік білім беру ұйымдарының басшыларын «Болашақ» бағдарламасы бойынша 3-6 айлық курсқа шетелдік стажировкаға жіберу жұмыстары жалғасады. 

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді