"Қазақша мәзір" республикалық конкурсы өтті

12.11.2023, 15:51
1203
"Қазақша мәзір" республикалық конкурсы өтті gov.kz

Қазақстанда қазақша мәзір әзірлеуден сайыс болды.

SmartNews.kz сайтының хабарлауынша, 2023 жылғы 8 қараша күні Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитеті Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы дәстүрлі «Қазақша мәзір» республикалық конкурсын ұйымдастырды. 

Комитет төрағасы Ербол Тілешов құттықтау жолдап, шараның басты мақсаты тағамтану саласының терминдері мен ас мәзірі атауларына жалпылық сипат беру, олардың қолданысын жүйелендіру мен қазақшалаудың ұтымды механизмін іздестіру арқылы кәсіби терминшілер легін қалыптастыру екенін атап өтті.

Бас директор Мақпал Жұмабайдың айтуынша, байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен 31 үміткер қатысыпты. Жүлдегерлерді анықтауға филология ғылымдарының докторы, академик Шерубай Құрманбайұлы, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты Терминологиялық орталығының басшысы, филология ғылымдарының кандидаты  Сәрсенбай Құлманов, Семей қаласы Шәкәрім атындағы университеті ЖОО кейінгі білім беру бөлімінің жетекшісі, Тамақ өндірістерінің технологиясы және биотехнология кафедрасының қауымдастырылған профессоры, техника ғылымдарының кандидаты Алмагүл Нұрғазезова,Алматы технологиялық университеті Тамақ өнімдерінің технологиясы кафедрасының қауымдастырылған профессоры, техника ғылымдарының кандидаты Гаухар Күзембаева, «KAZGOR» жобалау академиясы» ЖШС бас аудармашы-редакторы, 2022 жылы өткізілген «Ұлттық сипаттағы бизнес терминдері» конкурсының І орын иегері, гуманитарлық ғылымдар магистрі Гүлфаруз Иса қазылық етті. 

Алғашқы «Термин талқы» іріктеу кезеңінде қатысушылар «Теrmincоm.kz» сайтындағы «Қазақ терминологиясының мазмұны мен құрылымы» электрондық алаңына тіркеліп, өз пікірлері мен ұсыныстарын жазды. Келесі «Термин зерде» кезеңінде тағамтану  саласы терминдерінің ішінен 15 терминді таңдап, үлгіге сәйкес сараптама жасаса, бұдан соң «Мәзіріңіз әзір ме?» кезеңінде қоғамдық тамақтану орындарындағы бес ас мәзірінің қазақ тіліндегі қолданысына талдау жасап, өз нұсқаларын ұсынды. Ең соңғы «Термин-тезис» кезеңінде үміткерлер тағамтану саласы немесе ас мәзірін қалыптастырудың өзекті мәселелері бойынша тезис әзірледі.

Бас жүлдені Қызылорда қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Гүлзат Шынтасова жеңіп алды. І орынға Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ магистранты Дана Талғатбек ие болды. ІІ орын Шымкент қаласындағы Ж.Тәшенов университетінің магистранты Балнұр Балтабайқызының қанжығасына байланса, ІІІ орынды көкшетаулық Шолпан Махамбетова мен «Астана ақшамы» газетінің шолушысы Қалиакбар Ағылан өзара бөлісті. Ана тіліміздің өркендеуіне белсене ат салысуымен көзге түскен төрт үміткер Алғыс хатпен марапатталды.

Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды