Миы шайқалды: Таразда жүкті келіншектің басына бағдаршам құлаған

14.11.2023, 09:20
485
Миы шайқалды: Таразда жүкті келіншектің басына бағдаршам құлаған Бейнежазбадан

Таразда жүкті келіншектің басына бағдаршам құлап, соның салдарынан ол басына соққы алған.

КТК арнасының мәліметінше, Таразда көлік бағдаршамға түйісіп, жол апаты орын алған. Бағдаршам келіншектің басына түсті. Соның салдарынан болашақ ана құлап, есін жоғалтқан. Ал жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен.

Оқиға қаладағы көлік көп жүретін көшелердің бірінде орын алып, бақылау камерасына түсіп қалған. 21 жастағы келіншек жолды кесіп өтпек болып, бағдаршамның жасыл жанғанын күткен. Осы кезде көлік бағдаршамға қатты жылдамдықпен келіп, ол жүкті әйелдің басына құлаған.

Полиция қашып кеткен жүргізушіні тапты. Көлік айып тұрағына жеткізілді, ал ер адамға бірден екі айыппұл салынды. 

“2002 жылғы келіншек апатқа ұшырап, таңертең ауруханаға түсті. "Ми шайқалу" диагнозы қойылып, нейрохирургиялық бөлімшеге жатқызылды. Маңдай аймағының тері астында гематома пайда болдыы. Отасыз толық жазылады. Қазіргі уақытта науқастың жағдайы орташа ауырлықта. Жүктіліктің 10-аптасы жалғасуда”, – деп мәлімдеді Тараз қаласындағы көпсалалы аурухана бас дәрігерінің орынбасары Сәкен Жұмашев.

«Бір апта сөйлеуге рұқсат жоқ»: Роза Әлқожа ауыр дертпен күресіп жүргенін айтты Сәкен Майғазиев келін түсірді: әншінің ұлы Әділет сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасады «Әрең алған атағым «ұшып» кетті»: Мадина Сәдуақасова әскери шені туралы ашық айтты Қой да көмектеспеді: «Атырау» клубы құрбандық шалса да, ойында жеңіліп қалды Тұрымтай тағамға айналды: Мейрамханалар торғай етін менюге кіргізді Адвокат: «Шерзаттың сотында шыққан үкім халыққа ұнамауы мүмкін» «Жатақханамен бірге 3 млн теңге»: Назарбаев зияткерлік мектептерінде оқу құны арзандады «5 айлық зағип қыздың ақшасын «жеген»: Ілияс Сариевтың тағы бір «ұрлығы» әшкере болды 3 күн бітімге келейік деген Путин өз уәдесінде тұрмады Тоқаев енді Ресейдегі парадқа қатысады «Мен сүрінсем, құламауымды тіледің»: әнші Тоқтар Серіков әйелінің туған күніне ерекше сыйлық жасады (ФОТО) Каспийлік итбалық жолаушыны алдап соқты (ВИДЕО) Әкімдік Жеңіс парадына өткізбеген еңбек ардагерінен кешірім сұрады «Шапағат» сауда үйінде 10-ға жуық бутик өртенген Теміржол бойынан табылған мәйіт: Алматы облысында кісі өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Air Astana Үндістанға баратын әуе рейстерін тоқтатты «Сенат заңды мақұлдады»: Қазақстан жерін АҚШ-қа 49 жылға жалға береді Алматы тауларында жүрген студент қыз қайтыс болды Украинада доллардан еуроға көшу идеясы қарастырылып жатыр Бүгінгі күннің ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жарияланды