Maqsut Narikbayev University Блокчейн-технологиялар және дата-орталықтар қауымдастығымен келісімге отырды

18.11.2023, 09:45
121
Maqsut Narikbayev University Блокчейн-технологиялар және дата-орталықтар қауымдастығымен келісімге отырды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі

Университет пен қауымдастық блокчейн технологиялар жайлы дәріс оқыды.

SmartNews басылымының дерегінше, Maqsut Narikbayev University қабырғасындағы шара Қазақстандық Блокчейн-технологиялар және дата-орталықтар қауымдастығымен бірлесе ұйымдастырылған.

Аналитикалық сервистердің деректеріне сүйенетін болсақ, бүгінгі таңда цифрлық активтерге ие ҚР азаматтарының саны жүз мыңнан асады. Алайда енді ғана бастап, осы тақырыпты түсінгісі келетіндер ақпарат тапшылығына және бұрмаланған деректерге тап болуы мүмкін.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің дерегінше, студенттердің шынайы ақпарат алуы үшін Қазақстандық блокчейн-технологиялар және дата-орталықтар қауымдастығы Maqsut Narikbayev University қабырғасында «Блокчейн технологиялар, цифрлық активтер және оларды құқықтық тұрғыдан реттеу» тақырыбында қонақ дәріс өткізді.

Іс-шараны Maqsut Narikbayev University Провосты Сергей Пен алғы сөзімен ашты.

«Сіздерге тәжірибелеріңізбен бөліскендеріңіз үшін алғысымды білдіремін. Бұл жұмыстарыңыз мәселелерді жедел шешуге емес, саланың стратегиялық дамуына бағытталғанын түсінемін. Технологияның өзіне қатысты келетін болсақ, қазір көбі жасанды интеллекттің маңыздылығын түсінді, сондай-ақ блокчейн уақытша тренд болуын тоқтатып, жұмыстардың ажырамас құралына айналғаны байқалады. Жасанды интеллект көптеген жобалардың негізіне айналып, жастардың сұранысына ие болды. Қазақстандықтар жасанды интеллектті қолдануда көптеген жетістікке жетті. Оған сіздердің үлестеріңіз айтарлықтай екені анық», – деді университет провосты.

Шара қорытындысы бойынша университет пен қауымдастық басшылығы өзара меморандумға қол қойды. Бұл құжаттың мақсаты екі жақтық достық қарым-қатынас орнатып, ҚР-да Web 3.0 және блокчейн индустриясын дамытуда өзара көмек және қолдау көрсету.

Сондай-ақ қауымдастық тарапынан университет кітапханасына қазақ тіліне аударылған блокчейн және криптовалюта технологиясы туралы әлемдік бестселлерлер табысталды.

Массаждың орнына интимдік қызметтер: үш Өскемен тұрғыны жауапқа тартылды -42 градус аяз: алдағы үш күнге ауа райы болжамы жарияланды Ақтөбедегі зауытқа 9,2 млрд теңге инвестиция тартылған Қазақстанда екпе алмаған балалар күн сайын қызылша ауруын көптеп жұқтырып жатыр – ДСМ Қызылордада көліктен 700 АҚШ долларын, банк карталарын қолды қылған күдікті ұсталды Жастар тәрбиесіне кері әсер ететін теріс идеологиядағы фильмдер қауіпті - Ринат Зайытов Елімізде отбасылық сот құрылуы мүмкін – БАҚ Қазақстан цифрлық құралдар арқылы тіркеуді жеңілдету бойынша ХААҰ (ICAO) бастамаларын қолдады Елімізде енді Johnson & Johnson тәуелсіз жергілікті заңды тұлға ретінде жұмыс істейді "9 ай бойы көпшіліктен жасырып келдім". Блогер Фариза Төреәлі қуанышты жаңалығымен бөлісті. Бізге өзіміздің ұлттық LLM-ді құру керек – Бағдат Мусин Шымкентте борышкер жүргізушілерден 20 млн теңге өндірілді "Той үстінде қонақтардың көзінше ұрып тастаған". Күйеуінен 17 жыл қорлық көрген әйел биыл ғана ажыраса алған Салтанат Нүкенованың туыстары қылмысқа қатысты жаңа деректер айтты «Мінезім басқаша болар ма еді». Тәуекел Мүсілім алғаш рет әкесі туралы айтты COP28 кездесуі нәтижесінде орман шаруашылығына инвестиция құйылмақ Заманауи мектептер баланың дамуына барынша ыңғайлы болуы тиіс - STEM Academia "Өзін қожайын сезінген екінің бірі тонап жатыр": Депутат базар саудагерлерінің мәселесін көтерді 2024 жылы ең төменгі жалақы мен зейнетақы қанша болады Қазақстан және АҚШ ғылым қорларының ынтымақтастық перспективалары