"Терезеден лақтырып жіберген": Қызылордада жүкті әйел полицияда жұмыс істеген күйеуінің соққысынан кейін мүгедек болып қалған

21.11.2023, 09:56
3782
"Терезеден лақтырып жіберген": Қызылордада жүкті әйел полицияда жұмыс істеген күйеуінің соққысынан кейін мүгедек болып қалған stan.kz

Қызылордада бұрынғы полиция қызметкері жүкті әйелін соққыға жыққаннан кейін ол үшінші қабаттың терезесінен құлап, мүгедек болып қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлап отыр.

Egovpress Telegram-арнасы мәліметінше, Аруна Аманова Ж. есімді ер адаммен 2019 жылы шаңырақ көтерген. Әйелдің айтуынша, бір айдан соң күйеуі оған қол көтере бастаған. Бірақ жағдай қайталанған сайын ол жылап, келіншегінен кешірім сұрауды әдетке айналдырған, ол отбасын сақтап қалу үшін кешірген.

"2021 жылы оның соққысынан мен ауруханаға түстім. Сосын арыз жаздым, бірақ ол кешірім сұрап, артымнан жүгірді. Ал мен баламыз үшін кешірдім", – дейді келіншек.

2022 жылдың 4 қарашасында Аруна жұмыстан үйіне оралып, төсекке жатқан. Бір күн бұрын ол күйеуімен жанжалдасып қалған еді. Себебі ол жұбайының көзіне шөп салғанына сезіктеніп жүрген.

"Таңғы сағат үште күйеуімнің екі досы келіп, оны екі жағынан ұстап, үйге әкелді. 4 қарашада ол майор шенін алып, осы оқиғаны тойлады.Ол мас болғандықтан, есін білмеген. Олар оны диванға жатқызды, мен мүмкіндікті пайдаланып, Мен оның расымен көзіме шөп салғанын көрсету үшін телефонын ақтардым. Хат-хабарларды тауып алдым да, оятып, телефонды көрсеттім. Ол мені балағаттап, көздері ашу-ызаға толды. Мен қатты қорықтым. Ол мені қайта-қайта ұрды", – деді жәбірленуші.

Ер адам жатын бөлмеге киім ауыстыруға кеткенде, Аруна ас үйге тығылды.

"Мен қараңғыда тығылып отыр едім, ол мені тауып алып, қонақ бөлмеге шашымнан сүйреп кіргізді. Басымнан ұрып, тұншықтырды, есімді жоғалттым. Есімді жиғанымда, көшеде жерде жаттым. Ол досымен үстімнен қарап, “неге секірдің?” деді. Мен кім қайдан секіргенін түсінбей қалдым. Одан кмек сұрап, қиналып жаттым”, – деді әйел.

Арунаның қалай құлағаны есінде жоқ. Жәбірленушінің айтуынша, ол кейін жедел жәрдем мен полиция қызметкерлеріне өзін құтқару үшін секіріп кеткенін айтқан. Алайда есіне ештеңе түсер емес.

"Мүмкін олар мені қорқытып, мәжбүрлеген шығар. Құлағанға дейін және құлағаннан соң не болғанның бәрі есімде. Бір жыл өтті, бірақ қалай секіргенім әлі есімде жоқ", – дейді ол.

Оқиға кезінде Аруна жүктілікің тоғызыншы аптасында болған. Терезеден құлағаннан кейін ол асфальтқа арқасымен құлап, омыртқасын сындырып алды. Қазір Аруна мүгедектер арбасына таңылған, жүру қабілетінін айырылды. Дәрігерлер келіншектің кейін жүріп кететініне күмәнмен қарайды. Сондай-ақ Арунаның жата бергеннен денесі қажалып, денесінде жаралар пайда болған.

"Ауруханада жатқанымда анам қасымда болып, маған қарады. Осыны пайдаланып, іздер мен айғақтардан құтылу үшін пәтерді толығымен тазалаған. Ол мені ұрып-соққанда, мен қызыл халатпен едім. Бірақ ол халатты жыртып тастады, мен онсыз құладым. Сосын халат жоғалып кетті, ол оны лақтырып тастаған", – дейді Аруна.

Сорақысы, үйдің ішінде тергеу жүргізілмеген. Іс бір айда қысқарғанын айтады. Жәбірленушінің айтуынша, үйдегі бейнебақылау камераларының жазбаларыжоғалып кеткен.

Қызылорда облысының полиция департаменті бұл факті бойынша 2022 жылдың 4 қарашасында Қылмыстық кодекстің 105-бабы “Өзін-өзі өлтіруге итермелеу” бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

"Қызылорда облысының полиция департаментінің ішкі қауіпсіздік басқармасы жәбірленуші тараптың уәждерін мұқият тексеріп, барлық тиісті сот-медициналық сараптамалар тағайындап, тергеу әрекеттерін жүргізді. Оның қорытындысы бойынша ҚК 35-бабы 1-бөлігінің 2-тармағына сәйкес тергеу амалдары жүргізілді. Қылмыстық іс жүргізу кодексіне сәйкес қылмыстық құқық бұзушылық дәлелдемелерінің болмауына байланысты қылмыстық іс тоқтатылды. Қаулысының заңдылығы мен негізділігі Қызылорда облысының прокуратурасымен зерделеніп, бекітілді. Сонымен қатар, сол кезде 2022 жылдың 18 қарашасында болған оқиғаға байланысты полиция қызметкері ішкі істер органдарынан қызметінен босатылды", – деп түсіндірді полиция департаменті.

Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды