Еліміздің мектептерінде тамақтанудың ұлттық моделі енгізіледі

27.11.2023, 17:40
866
Еліміздің мектептерінде тамақтанудың ұлттық моделі енгізіледі gov.kz

Бішкекте ТМД елдерінің «Мектептегі тамақтану – жалпы дамудың бағыты» тақырыбында бірінші халықаралық форум өтті. Бұл туралы martnews.kz сайты хабарлап отыр.

Оған Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Наталья Жұмаділдаева қатысты.

Оның айтуынша, өңірлерде шығарылған отандық өнімдерді пайдалана отырып, мектеп тамақтануына ұлттық тағамдарды енгізу – балалар денсаулығын сақтаудағы маңызды қадамдардың бірі. Осы мақсатта министрлік Ұлттық салауатты тамақтану орталығымен бірлесіп, Астананың алты мектебінде «Ұлттық мектеп асханасы» пилоттық жобасын жүзеге асыруда. Жаңа үлгіде мектептегі тамақтану мәдениетін қалыптастыру бойынша кезең-кезеңімен шаралар кешені қарастырылған.

«Әрбір мектеп оқушылардың «салауатты өмір салтын ұстанатын мектебіне» айналуы тиіс. Мектептің кез-келген қызметі сауықтыру-педагогикалық бағытта болады. «Ұлттық мектеп асханасы» жобасы ұлттық тағам мәдениетін қалыптастыруға және мектептің ас мәзіріне 50 ұлттық тағамды енгізуге мүмкіндік береді. Бұл көп ғасырлық дәстүр бойынша жасалған мәзір, ежелден келе жатқан тәжірибенің нәтижесі», - деді Наталья Жұмаділдаева.

Естеріңізге сала кетейік, биылғы жылдың қыркүйек айынан бері 1,6 миллионнан астам бала тегін ыстық тамақпен қамтылды, оның ішінде 1,4 миллион бала 1-4 сынып оқушылары және 200 мыңнан астамы әлеуметтік осал топ санатындағы 5-11 сынып оқушылары. Сапалы тамақтануды ұйымдастыру мақсатында министрлік білім беру ұйымдарындағы балалардың тамақтану нормаларын қайта қарады. Атап айтқанда, ас мәзіріне өңірлерде өндірілген отандық өнімдерді енгізу нормасы қосылды.

Бракеражды комиссиялардың және ведомствоаралық сарапшылық топтардың мүшелеріне арналған мониторингтік топтардың қызметінің тәртібі туралы заңнамалық нормалар бекітілді. Мектептерде тамақтану мәдениетін қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінуде. Атап айтқанда, санитарлық тазалық пен гигиенаны сақтау, дастархан сервировкасы және дұрыс тамақтануды насихаттау. Білім беру ұйымына жеткізілген барлық өнімдердің санитарлық дәрігерлерден қорытындылары болуы керек, ал тамақты бракеражды комиссиялар бақылайды. Олардың қатарында ата-аналар мен қамқоршылық кеңес, сонымен қатар мектеп әкімшілігі мен медицина қызметкерлері бар.

Форум барысында жетекші халықаралық институттардан, мамандандырылған білім беру саласындағы сарапшылар мен жеке сектордан құралған форумға қатысушылар мектептегі тамақтанудың тиімділігі мен сапасын арттыру жөнінде пікір алмасты.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады