861

Өрттен қаза тапқан қазақстандықтардың отбасына 1 млн теңге көлемінде көмек көрсетіледі

Алматыда хостелде өрт кезінде қаза тапқан Қазақстан азаматтарының туыстарына 1 млн теңге көлемінде көмек беріледі.

Өрттен қаза тапқан қазақстандықтардың отбасына 1 млн теңге көлемінде көмек көрсетіледі
Sputnik/Ертай Сарбасов

Бұл туралы өңірлік коммункаициялар қызметі брифингінде Алмалы ауданының әкімі Айдар Жақыбаев айтты, деп хабарлайды Kazinform.

«Қала басшысы Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша өрт кезінде қаза тапқандардың отбасыларына 1 млн теңге көлемінде қаржылай көмек бөлінеді. Бұған дейін хабарланғандай, Алматы әкімінің тапсырмасы бойынша әкімдік қаза тапқандардың денелерін туыстары көрсеткен жерге, оның ішінде еліміздің басқа өңірлеріне тасымалдауға көмектеседі. Одан бөлек, Алматы қаласы аумағында жерлеу рәсімін ұйымдастыруға толық көмек көрсетіледі», – деді Айдар Жақыбаев. 

Ол сондай-ақ қаза тапқан шетелдік азаматтардың отбасыларына да мәйітті жерлеу орнына дейін тасымалдауға жәрдем жасалатынын айтты.