Павлодар облысында оқушы жүкті болып қалды: Мектеп мұғалімдері қатаң сөгіс алды

05.12.2023, 15:09
923
Павлодар облысында оқушы жүкті болып қалды: Мектеп мұғалімдері қатаң сөгіс алды canva.com

Павлодар облысында 8-сынып оқушысының жүкті болып қалғаны үшін ауыл мектебінің мұғалімдері жазаланды. Бұл туралы Massaget.kz тілшісі хабарлап отыр.

Кәмелетке толмаған баланың жүктілігі үшін мектеп директоры, орынбасары және сынып жетекшісі қатаң сөгіс алды. 8-сынып оқушысының жүкті болғанына 25 апта өткен. Оның жүкті екенін сынып жетекшісі байқаған.

"Қыз мектепке қыркүйекте келді, кейін қазан бойы ауырды. Қарашада сабаққа келгенде сынып жетекшісі өзгерістерді байқай бастады. Бірақ баламен мұндай жағдай болуы мүмкін деп ешкім ойлаған жоқ. Мұғалім мұқият бақылаған, қыздың іші шығып кеткенін көргенде, дереу анасын шақырып, ауруханаға барып, баланың жүкті екенін анықтады", - деп хабарлады Павлодар аудандық білім бөлімі өкілдері.

Оқиға туралы мұғалімдер полиция мен прокуратураға хабарлаған. Білім бөлімі мәліметінше, берекелі отбасы болған, қызды өгей әкесі тәрбиелеген.

"Ауруханада қыз өгей әкесін көрсетті. Сол күні ер адам ұсталды. Қазір мектеп директорына, орынбасарына және сынып жетекшісіне тәрбие жұмысын нашар жүргізгені үшін қатаң сөгіс жарияланды", - деп хабарлады білім басқармасы өкілдері.

Полиция күдіктінің ұсталғанын растады.

"Бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 120-бабының 4-бөлігі бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, күдікті қамауға алынды. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер айтылмайды", - деп түсіндірді облыстық полиция қызметкерлері.

Кәмелетке толмаған балаға зорлық-зомбылық жасағаны үшін ер адам 20 жылға немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Мектеп оқушысы қашықтан оқытуға көшті.

Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды