Заманауи мектептер баланың дамуына барынша ыңғайлы болуы тиіс - STEM Academia

06.12.2023, 11:59
462
Заманауи мектептер баланың дамуына барынша ыңғайлы болуы тиіс - STEM Academia Фото: STEM Academia

Елімізде біраз жылдан бері білім саласында инновациялық шешімдерді енгізу бойынша көзге түскен STEM Academia ғылыми-өндірістік компаниясы бар.

Олар мектептерді оқу кабинеттері мен құрал-жабдықтарды қамтамасыз етуде инновациялық тәсілдерді жүзеге асырып келеді. Осы орайда бұл компанияның коммерциялық директоры Залқарбек Мұратәліұлы заманауи мектептер қандай болуы тиіс екенін егжей-тегжейлі баяндап берді. Бұл туралы Kazinform хабарлап отыр. 

Фото: STEM Academia

- Компания 10 жылға жуық уақыт бойы қызмет етіп келеді. Өздеріңіздің негізгі миссияларыңыз қандай?

- Біздің компания 2015 жылдан бері қызмет етіп жатыр. Басты миссия – білім жүйесінде инновацияларды енгізу. Қазір 4 мыңдай мектепті инновациялық құрал-жабдықтармен, зертханалармен, маңызды контентпен қамтамасыз еттік. Басты назарды оқушыларға арналған контентке аударамыз. Мектепке тиісті жабдықтарды жеткізе отырып, оларға күнтүзбелік тақырыптық жоспарды қатар ұсынамыз, сондай-ақ мұғалімдерді озық технологиялармен жұмыс істеуге оқытамыз. Сабақ кезінде педагог құрал-жабдықтарды қалай пайдалану керек екенін нақты түсіндіреміз. Себебі оқушылар заманауи мүмкіндіктерді барынша жетік меңгеруі тиіс. STEM Academia физика, химия, биология, математика, инженерия сияқты бағыттарға екпін қойып отырғандықтан, мұғалімдер осы жаратылыстану пәндері бойынша инновациялық сабақтарды өткізуге мүмкіндік алды.

- STEM Academia-ны «Болашақ» бағдарламасының түлектері құрды. Бұл тұрғыда дамыған елдердің тәжірибесін ескеріп отырсыздар ма?

- Жалпы, STEM (Science, Technology, Engineering, Mathematics) білімі АҚШ-та өте жақсы дамыған. Біз АҚШ-та білім алып келгеннен кейін, өскелең ұрпаққа жетіспей жатқан негізгі мәселелерді айқын көре бастадық. Атап айтқанда, Қазақстан білім жағынан қалып жатқан жоқ. Бірақ ғылымдағы жобалық немесе топтық жұмыстарда кемшіліктер бар. Мәселен, «Болашақпен» білім алған кезде, Еуропадан, Қытайдан келген студенттер топтасып жұмыс істеуге тырысатынын байқадық. Сондықтан біз де осы тәжірибені мектептерге енгізуге талпынып жатырмыз. Жоба бір адамның көзқарасымен ғана жасалса, кейін кемшіліктері шығып, оны өндіріске енгізе алмай жатады. Ал бірнеше адамның көзқарасы ескерілсе, нәтиже болады. Бұл ретте, ғылыми жобаларды коммерцияландыру оңайға түседі. Қазір біз мектептерге қойған жабдықтарды оқушылар барынша осындай мақсаттарға пайдалануы тиіс.


Фото: STEM Academia

- Мектептердегі жөндеу жұмыстарына да қатысып жүрсіздер. Қазір қандай ірі жобаларыңыз бар?

- Еліміздегі бір алпауыт компаниямен бірлесе үш мектепті толыққанды жасап беріп жатырмыз. Павлодар облысындағы Қаражар ауылында заманауи стандартқа сай келетін мектептің ашылуына өз үлесімізді қостық. Осы нысанның ашылуына Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев арнайы келді. Сонымен қатар, осы өңірдегі Сычевка ауылында жаңа мектептің құрылысы аяқталып қалды. Рудныйдағы 1,2 мың орынға арналған мектептің салынуына атсалысып, жабдықтарды жеткіземіз. Кез келген мектепте қауіпсіздік, креатив, ауқымдылық сияқты негізі факторлар ескерілуі тиіс. Көбіне мектептерде қауіпсіздікті желеу етіп, негізсіз шектеулерді енгізіледі. Керек емес түрлі қоршаулар тұрады. Зерттеулерге қарағанда, баланың үлгерімінің 82 пайызы қоршаған ортаға байланысты. Мектептегі температура, кабинеттің дизайны оқушыға қатты әсер етеді. Сондықтан мектеп құрылысында сарапшы ретінде кабинеттерді ұтымды жасақтауды түсіндіреміз. Әр кабинетке жекелей дизайн жасаймыз. Біз физика, химия, биология пәндері бойынша 1800-ден астам кабинетті жабдықтадық. 1700-ге жуық кабинетке STEM зертханаларын қойдық, сондай-ақ 65 заманауи кітапхананы жасақтадық. Еліміз аумағындағы 6 мектепке жылыжай салып бердік. Кейінгі жылдары ауылдардағы мектептерге екпін қойып отырмыз.

- Құрал-жабдықтарды шетелден алып жатсыздар ма?

- Иә, бірнеше елден алып жатырмыз. Бұл құрылғыларға сұраныс артып келе жатқанын ескере отырып, бастапқыда Қазақстанда интерактивті панельді құрастыруды жоспарладық.

- Түрлі конкурстар мен олимпиадалар ұйымдастырып отырсыздар. Қандай нәтиже бар?

- Былтыр мұғалімдерге арнап конкурс өткіздік. Осы орайда озық жабдықтарды барынша жетік қолданып жатқан мұғалімдерді анықтауды жөн көрдік. 1,2 мың педагог осы конкурсқа қатысып, интерактивті түрде сабақты түсінікті өткізген, цифрлы зертхананы меңгерген мұғалімдерге бағалы сыйлықтар бердік. Биыл конкурс ауқымдырақ өткізілмек, яғни 5-25 желтоқсан аралығында «өз мектебіңнің ерекшелігін көрсет» деген конкурс ұйымдастырып жатырмыз. Бұл ретте 3-4 минуттық видео түсіріп, флешмоб арқылы мектепті толықтай таныстыру керек. Бұдан бөлек, балалар арасында 7 жыл қатарынан STEM-олимпиада өткіздік. Биыл бізге 800-ге жуық адам келді. Бұл іс-шара Астанада халықаралық деңгейде өтті, Ресейден, Әзербайжаннан, Қырғызстаннан, Өзбекстаннан командалар қатысты. Олимпиада ақысыз тәртіпте ұйымдастырылып жатыр. Балалар жататын қонақүйді, тамағын, экскурсиясын толықтай өзіміз қаржыландырамыз. Мұнымен қоса, екі жыл қатарынан жақсы нәтиже көрсеткен 2 балаға Astana IT University-ге грант беріп жатырмыз. Жалпы, біздің компания табысқа емес, сапаға екпін қойып отыр.

- Әңгімеңізге рақмет!

Фото: STEM Academia

Атыраудағы 4 жасар баланың өлімі: Балабақша директоры мен тәрбиешінің бас бостандығы шектелді «Барлық бала ана үшін бірдей»: Гүлзира Айдарбекова еш жерде көрсетпеген отбасылық фотоларды жариялады 74 жастағы ақсақал қауіпті трюктер жасап, көпшілікті таңғалдырып жүр (ВИДЕО) «11 жасымда мешітке барып, намаз оқыдым»: Әнші Луина балалық шағынан сыр шертті Апелляциялық сот 3 жасар қызды мүгедек қылды деген Ақтөбе ауруханасын ақтап жіберді Танымал виолончелист Болат Тыныбеков мезгілсіз өмірден өтті Абай университеті Гонконг Қытай университетімен ынтымақтастықты нығайтуда «Маған тым қатал болды»: Жазира Байырбекова енесі өмір бойы әкімдікте еден жуғанын айтты Атыраудағы мал сою цехінде 18 жастағы өзбек жұмысшыдан қауіпті дерт анықталды Қорғаныс қамы: Төңіректің тынысы және Астананың жойғыш ұшақтар жаттығуы «Ата-анасы зорланғанын білсе де, көмектеспеген»: ағайынды ұл-қыздың зорлануына қатысты сұмдық жайттар белгілі болды «Қалыңдық party өткіздік»: Айгүл Иманбаева құрбыларының тосынсыйын көрсетті (ВИДЕО) Сары уайымға салынған салымшылар: ММ Group басшысы не дейді? Баян Алагөзова: «Кішкентайларды міндетті түрде қазақ мектебіне беремін» Қандастарымыздың басым бөлігі Қытай елінен оралған Олигарх Тимур Құлыбаев бас прокуратураны сотқа берді Трамп жынысын ауыстырғандарды әскер қатарынан қуып жатыр Кеше Ақтөбедегі әскери бөлімде қайтыс болған сарбаздың анасы үндеу жасады (ВИДЕО) «Қалаулымға» қатысып танымал болған қазақ файтері қырғыз қарсыласынан оңбай жеңілді (ВИДЕО) АҚШ-тан елге пошта арқылы есірткі жеткізіп отырған астаналықтар 18 жылға сотталды