Шетелдік жігітпен танысқан ақтөбелік әйел күтпеген жайтқа тап болды

11.12.2023, 10:03
2874
Шетелдік жігітпен танысқан ақтөбелік әйел күтпеген жайтқа тап болды canva.com

Ақтөбе облысында "шетелдік күйеу жігіт" ақтөбелік әйелді 2 миллион теңгеге алдаған. Бұл туралы Massaget.kz сайты хабарлап отыр.

Полиция мәліметінше, мұндай алаяқтардың схемалары жылдар бойы өзгермейді: жәбірленушіге алдымен шет тілінде махаббатқа толы хаттар жолдайды, содан кейін әртүрлі "игі" сылтаумен одан ақша иеленеді.

Мысалы, қазан айының соңында 42 жастағы ақтөбелік әйелге әлеуметтік желіде белгісіз ер адам өзін шетелдік ретінде таныстырып, хабарлама жазған. Осылайша, "шетелдік" пен ақтөбеліктің арасында махаббатқа толы хат алмасу басталған. "Күйеу жігіт" әйелге сыйлықтар, зергерлік бұйымдар мен шетелдік валюта сатып алғаны туралы хабарлама жіберіп, сенімділік үшін сыйлықтардың бейнелері мен фотосуреттерін жіберген.

Әрі қарай бұл сәлемдемелерді жіберу үшін кедендік бажды төлеу қажеттігін айтып, әйелге есеп айырысу шотын жолдаған. Әйел жігіт көрсеткен шотқа банк кассасы арқылы 2 млн теңгеден астам ақша жіберген.

Ақшаны алғаннан кейін "күйеу жігіт" байланысқа шығуды тоқтатқан, ал жәбірленуші алаяқтың құрбаны болғанын түсініп, полицияға жүгінді. Алаяқтық фактісі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. 

Полиция мәліметінше, әдетте, ақша аударғаннан кейін "шетелдік күйеу жігіттер" бірден із-түзсіз жоғалып кеткен. Интернеттегі таныстықтардың қауіпсіз емес екені туралы жиі ескертілетініне қарамастан, аңғал әйелдер әлі де алаяқтардың арбауына түсіп, оларға өздерінің еңбекпен тапқан ашасын жіберіп, қарыздар мен несиелер алуда.

 

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады