Мұқағали Мақатаевты қорлаған блогер көліктің кілтін беріп, бостандық алды

Аиса Махамбет Редактор
17.06.2025, 16:13
2011
Мұқағали Мақатаевты қорлаған блогер көліктің кілтін беріп, бостандық алды бейнежазбадан

Ақынның ұлы Жұлдыз Мақатаевтың кешірім берді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматыда ақын Мұқағали Мақатаевты қорлаған блогер Әлішер Теменовке қатысты қылмыстық іс тоқтатылды. Сот шешімі ақынның ұлы Жұлдыз Мақатаевтың кешірім беруіне байланысты шықты.

Наурызбай аудандық сотында ҚР ҚК 131-бабының 2-бөлігі (қорлау) бойынша қаралған істе жәбірленуші бастапқыда 10 миллион теңге моральдық өтемақы талап еткен. Бірақ 16 маусымдағы сот отырысында ол айыпталушыны кешіріп, істі жабуды сұрады.

“Қазір көлігімде 2 миллион теңге бар. Тағы 1 миллион теңгені он күн ішінде беремін. Әзірге көліктің кілтін қалдырамын, ақшаны толық төлеген соң көлігімді қайтарып аламын”, - деді айыпталушы өз кінәсін толық мойындап.

Судья Бейнегүл Кайсина екі тараптың келісімін ескеріп, қылмыстық істі тоқтатты, Теменов қылмыстық жауапкершіліктен босатылды. Сондай-ақ азаматтық талап та жойылды.

Дегенмен, сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін Теменовтің елден кетпеуі және тиісті мінез-құлық ұстануы міндетті.

Еске салайық, 2024 жылдың 8 қазанында Әлішер Теменов әлеуметтік желіде Мұқағали Мақатаевқа тіл тигізіп, оны «сорлы еркек» деп атап, бейәдеп видео жариялаған. Бұл қоғамда үлкен резонанс тудырған. Блогер жалпы жұртшылықтан да кешірім сұрап, бейнежазбаны өшіруге уәде берді.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады