«Ішкиімімді шешіп отырғам»: Әйелдер вагонындағы қыз жолсеріктің ер адам болғанына шағымданды

Азиз Қалижан Редактор
17.06.2025, 14:15
1377
«Ішкиімімді шешіп отырғам»: Әйелдер вагонындағы қыз жолсеріктің ер адам болғанына шағымданды threads.com/@malika__life

Қыз өзін қауіпсіздікте сезінбегенін айтты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, «Маңғыстау – Семей» бағытындағы пойызда әйел жолаушы арнайы әйелдер вагонын таңдағанына қарамастан, ішке ер адамның кіріп кеткенін айтып, наразылық білдірді.

Оның айтуынша, ол әйелдер вагонына билет алып, қауіпсіз және жайлы сапар үмітінде болған. Алайда купеге ер адам – пойыз қызметкері кіріп, еш ескертусіз сұрақ қойған.

«Жай ғана тыныш жетіп, демалып, қауіпсіздікте болғым келді. Ыстық болды, ішкиімімді шешіп отырғам. Сол сәтте ер адам кіріп келді де: “Командировочный керек пе?” деп сұрады. Егер бірдеңе қажет болса, өзім шығатын едім ғой. Онда әйелдер вагонының не керегі бар?» – деді жолаушы.

Ол мұндай жағдайлар әйелдер вагоны деген ұғымның өзіне күмән келтіретінін айтып, жеке шекара бұзылғанын атап өтті.

«Біз мұндай билеттерді жайдан-жай алмаймыз. Бізге қауіпсіздік пен жайлылық керек. Бұл – каприз емес, бұл – базалық қажеттілік. Қызметкерлер де әйел болуы тиіс», – деді ол.

Алайда жолаушы бұл жағдай бойынша ресми шағым түсірмеген.

Оқиғаға байланысты «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі түсініктеме берді:

«38/37 «Маңғыстау – Семей» пойызының №6 вагонына әйел қызметкер жауапты болған. Алайда жол үстінде өзін жайсыз сезініп (бас айналу, қызуы көтерілген), уақытша ер адам – кезекші жолсерік оның міндетін атқарған. Ол тек қажетті қызметтік әрекеттермен шектелді».

Компания бұл жағдай бойынша жолсерікпен түсіндіру жұмыстары жүргізілгенін және болашақта мұндай оқиғаларға жол берілмейтінін айтты. Сонымен қатар, жолаушыдан кешірім сұрады.

Айта кетейік, Қазақстанда әйелдерге арналған вагондар алғаш рет 2021 жылы енгізілген. Онда тек әйелдер мен 7 жасқа дейінгі ұл балалар ғана бола алады. Сондай-ақ, жұмыс істейтін жолсеріктер де – әйелдер.

Бүгінде мұндай вагондар 11 бағыттағы пойыздарда бар, олардың қатарында:

Астана – Семей

Ақтөбе – Алматы

Алматы – Маңғыстау

Маңғыстау – Семей

Атырау – Астана

Павлодар – Түркістан

1 маусымнан бастап Орал – Маңғыстау бағытында да әйелдер вагоны іске қосылды.

«Әлі атақ бермеген»: әртістер Бибігүл Төлегеноваға құрмет көрсетті «Легенда-легенда деген сайын…»: Қайрат Нұртас жас әншінің әнін рұқсатсыз орындаған Raim келіншегі Ерке Есмаханды перзентханадан шығарып алды «Сүйген жүрек» клипіндегі жігіт 20 жылдан кейін Мадина Сәдуақасоваға тосынсый жасады Сириялық дәрігер Асадтың режиміне сеніп, адамдарды азаптағаны үшін өмір бойына сотталды Мұқағали Мақатаевты қорлаған блогер көліктің кілтін беріп, бостандық алды «Отбасы банктің» тәуелсіз директоры алаяқтарға депозитін қолма-қол ұстатқан Астанада 28 ерекше қажеттілігі бар жасөспірім колледждерде кәсіби даярлық курстарын аяқтады Өзбекстанда жертөледен жасырын медресе ашқан ер адам 10 тәулікке қамалды Тоқаев Қытайға 1 500 ақбөкен сыйлады «Ішкиімімді шешіп отырғам»: Әйелдер вагонындағы қыз жолсеріктің ер адам болғанына шағымданды Ер адам бұрынғы енесін баланың көзінше өлтіріп тастады Қостанайда 22 жыл бұрын танысын жыныстық қатынасқа түспегені үшін өлтірген ер адамға үкім шықты Израиль президенті: Хаменеиді өлтірсек, Иранмен қақтығыс тоқтайды Lamborghini-ден секіремін деп астына түсіп қаза тапқан жігіттің ісі бойынша сот үкімі шықты Иран тағы да Израильге қарай зымыран атқылады – жағдай ушығып барады Астаналық тұрғын сот арқылы ұлтын «неміс» деп өзгертті Ресей әскерінің Киевке жасаған түнгі шабуылынан 14 адам қаза тапты Петропавлда екі жасар бала күнбағыс дәніне тұншығып көз жұмды Еліміздің барлық өңірінде аптап ыстыққа байланысты ескерту жарияланды