1113

Тоқаев Қытайға 1 500 ақбөкен сыйлады

Президент көрші елдегі ақбөкендердің санын қалпына келтіру мақсатында сыйлық берді.

Тоқаев Қытайға 1 500 ақбөкен сыйлады
Victor Tyakht/Getty Images

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайға 1 500 ақбөкен (сайғақ) сыйға тарту туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

“Президент көрші елдегі ақбөкендердің санын қалпына келтіру мақсатында Қытай үкіметіне 1 500 бас сайғақ сыйға тарту туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді”, – делінген ресми хабарламада.

ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин бұл шешім үшін алғыс білдіріп, Қытайда сайғақ популяциясын қалпына келтіру жоспарланып отырғанын айтты.

Еске салайық, қазіргі таңда Қазақстанда ақбөкендер саны 4 миллионнан асып кеткен. Кей аймақтарда шаруалар олардың егістік алқаптарына зиян келтіріп жатқанын айтып, дабыл қаққан еді.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор