Иран тағы да Израильге қарай зымыран атқылады – жағдай ушығып барады

17.06.2025, 11:11
1039
Иран тағы да Израильге қарай зымыран атқылады – жағдай ушығып барады бейнежазбадан

Иран Ядролық қаруды таратпау туралы келісімнен шығатынын ескертті.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Иран мемлекеттік БАҚ-ы Тегеранның Израильге қарсы жаңа зымыран шабуылдарын бастағанын хабарлады. Бұл ақпарат аймақтағы жағдайдың ушығуын көрсетті.

БҰҰ жанындағы Иранның өкілі Амир Саид Иравани мәлімдемесінде Тегеранның өзін-өзі қорғау құқығын пайдаланып, “тек әскери нысандарға бағытталған, тең дәрежедегі қорғаныс операцияларын” жүргізгенін айтты.

“Израиль тарапынан жасалған әдейі арандатулар мен үздіксіз агрессияға жауап ретінде Иран пропорционалдық қағидасына сай әрекет етті. Шабуылдар заңды әскери инфрақұрылымға бағытталды”, – деді ол БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне жолдаған хатында.

Иравани сонымен қатар Израильді бейбіт тұрғындар мен азаматтық нысандарға шабуыл жасады деп айыптады.

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху болса, Иран шабуылдарын “бейбіт халыққа бағытталған” деп атап, Израильдің мақсаты Иранның ядролық және зымыран инфрақұрылымын жою екенін мәлімдеді.

Иранның Денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, жұма күнінен бастап Израильдің шабуылдарынан 224 адам қаза тапқан. Ал Израиль билігі Иран шабуылынан 24 адам мерт болғанын хабарлады.

Сонымен қатар, Иран Ядролық қаруды таратпау туралы келісімнен (ДНЯО) шығатынын ескертіп отыр. Бұл шешімге Израильдің шабуылдары мен Батыстың қысымы себеп болуы мүмкін.

АҚШ президенті Дональд Трамп екі ел арасында бейбітшілік орнатуға уәде берді. Алайда Израиль АҚШ-ты Иранға қарсы соғысқа қосылуға шақырып отыр.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды