Израиль президенті: Хаменеиді өлтірсек, Иранмен қақтығыс тоқтайды

17.06.2025, 12:21
485
Израиль президенті: Хаменеиді өлтірсек, Иранмен қақтығыс тоқтайды Getty Images

Израиль зұлымдыққа қарсы тұрып жатыр дейді ол.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Иранның жоғарғы көшбасшысы аятолла Али Хаменейдіңөлімі Таяу Шығыстағы қақтығыстарды ушықтырмайды, керісінше, «соңын әкеледі» деп мәлімдеді. Бұл туралы ол 16 маусымда ABC News телеарнасына берген сұхбатында айтты.

«Иран жарты ғасыр бойы бүкіл аймақты террориздеп отыр. Бұл режим ядролық соғыс қаупін туғызды. Израиль осы зұлымдыққа қарсы тұрып, агрессияны тоқтатып жатыр», – деді Нетаньяху.

Премьердің айтуынша, егер Израиль Хаменейді нысанаға алса, бұл «елдің өз міндетін атқаруы» болады. Бұған дейін Reuters агенттігі АҚШ президенті Дональд Трамптың Израильдің Хаменейге қастандық жасау жоспарына вето қойғанын жазған еді. АҚШ бұған тек ирандықтар америкалықтарға тікелей шабуыл жасаса ғанакеліседі.

Тель-Авив соққылары мен Иранның жауапты шабуылы

13 маусымда Израиль Иран аумағына кең ауқымды әуе соққыларын бастады. Тегеран мен ядролық нысандарға шабуыл жасалды. Израиль әскерінің айтуынша, соққылар нәтижесінде:

– ҚСИР қолбасшысы Хосейн Салами,

– Иран Қарулы күштері Бас штабының бастығы Мохаммад Багери,

– бірнеше ядролық ғалымдар мен жоғары лауазымды әскери шенеуніктер қаза тапқан.

Иран тарапы мұны "соғыс жариялау" деп бағалап, жауап ретінде Израильге жүздеген дрон мен баллистикалық зымыран жіберді. Шабуылдар кезінде Тель-Авив пен Бат-Ям қалаларында жарылыстар болды. Бат-Ямда жеті адам, оның ішінде екі бала мерт болып, 100-ден астам адам жараланды.

Хаменейдің тағдыры мен жасырын келіссөздер

Iran International дерегі бойынша, Хаменей мен оның отбасы Тегеранның солтүстік-шығысындағы жерасты бункеріне жасырынған. Сонымен қатар, Хаменей аппараты басшысының орынбасары Али Асгар ХеджазиРесеймен елден кету мүмкіндігі жөнінде құпия келіссөздер жүргізіп жатқан болуы мүмкін.

Сондай-ақ Нетаньяху Иран халқына үндеу жасады:

«Бүгін – Иран халқы үшін режимге қарсы тұрып, дауыстарын естіртетін уақыт. Бұл режим бұрын-соңды мұншалықты әлсіреген емес».

Raim келіншегі Ерке Есмаханды перзентханадан шығарып алды «Сүйген жүрек» клипіндегі жігіт 20 жылдан кейін Мадина Сәдуақасоваға тосынсый жасады Сириялық дәрігер Асадтың режиміне сеніп, адамдарды азаптағаны үшін өмір бойына сотталды Мұқағали Мақатаевты қорлаған блогер көліктің кілтін беріп, бостандық алды «Отбасы банктің» тәуелсіз директоры алаяқтарға депозитін қолма-қол ұстатқан Астанада 28 ерекше қажеттілігі бар жасөспірім колледждерде кәсіби даярлық курстарын аяқтады Өзбекстанда жертөледен жасырын медресе ашқан ер адам 10 тәулікке қамалды Тоқаев Қытайға 1 500 ақбөкен сыйлады «Ішкиімімді шешіп отырғам»: Әйелдер вагонындағы қыз жолсеріктің ер адам болғанына шағымданды Ер адам бұрынғы енесін баланың көзінше өлтіріп тастады Қостанайда 22 жыл бұрын танысын жыныстық қатынасқа түспегені үшін өлтірген ер адамға үкім шықты Израиль президенті: Хаменеиді өлтірсек, Иранмен қақтығыс тоқтайды Lamborghini-ден секіремін деп астына түсіп қаза тапқан жігіттің ісі бойынша сот үкімі шықты Иран тағы да Израильге қарай зымыран атқылады – жағдай ушығып барады Астаналық тұрғын сот арқылы ұлтын «неміс» деп өзгертті Ресей әскерінің Киевке жасаған түнгі шабуылынан 14 адам қаза тапты Петропавлда екі жасар бала күнбағыс дәніне тұншығып көз жұмды Еліміздің барлық өңірінде аптап ыстыққа байланысты ескерту жарияланды «Өтірік іш салып алған»: Жұлдыз Әбдікәрімова суррогат ана туралы шындықты айтты «Өмірім оңынан өзгерді»: Танымал әнші Индира Елемес есімін азан шақырып өзгертті (ВИДЕО)