Сириялық дәрігер Асадтың режиміне сеніп, адамдарды азаптағаны үшін өмір бойына сотталды

17.06.2025, 16:51
251
Сириялық дәрігер Асадтың режиміне сеніп, адамдарды азаптағаны үшін өмір бойына сотталды AP Photo

Башар Асад режиміне қызмет етіп, адамдарды азаптап өлтірген дәрігер Германияда сотталды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Германияның Франкфурт-на-Майне қаласының Жоғарғы аймақтық соты сириялық дәрігерді адамзатқа қарсы қылмыс жасағаны үшін өмір бойына бас бостандығынан айырды. Ол 2011–2012 жылдары Сирияда Асад режиміне қызмет етіп, тұтқындарды азаптап, кемі екі адамды өлтірген.

Алаа М. есімді 40 жастағы дәрігер кейін Германияға қоныс аударып, сол елдің солтүстігіндегі бірнеше клиникада хирург-ортопед болып жұмыс істеген. Бірақ 2020 жылы сириялық босқындар оның бет-әлпетін деректі фильмнен танып, полицияға хабар берген. Осыдан соң дәрігер қамауға алынып, 2022 жылы сот процесі басталған.

Сот оның кінәсін толық дәлелденді деп танып, тек өмір бойы түрмеде отырумен шектелмей, қылмыстың ерекше ауыр сипатына байланысты бостандыққа шығу мүмкіндігін де шектеді. Яғни, мерзімі аяқталған соң да алдын ала сақтық мақсатында түрмеде қала береді.

Тергеу барысында Алаа М. Хомс пен Меззех қалаларындағы әскери госпитальдар мен түрмелерде қызмет еткен, тұтқындарды жүйелі түрде азаптап, ауыр жарақат келтіргені және екі адамды өлтіргені анықталған.

Сот үкімінен кейін төрағалық еткен судья:

“Қай жерде жүрсе де, ешбір азаптаушы жазадан құтылмайды”, — деді.

Шымкентте жігіт сөйлесіп жүрген 17 жастағы қызды азаптап, мәйітін қорлады «Әлі атақ бермеген»: әртістер Бибігүл Төлегеноваға құрмет көрсетті «Легенда-легенда деген сайын…»: Қайрат Нұртас жас әншінің әнін рұқсатсыз орындаған Raim келіншегі Ерке Есмаханды перзентханадан шығарып алды «Сүйген жүрек» клипіндегі жігіт 20 жылдан кейін Мадина Сәдуақасоваға тосынсый жасады Сириялық дәрігер Асадтың режиміне сеніп, адамдарды азаптағаны үшін өмір бойына сотталды Мұқағали Мақатаевты қорлаған блогер көліктің кілтін беріп, бостандық алды «Отбасы банктің» тәуелсіз директоры алаяқтарға депозитін қолма-қол ұстатқан Астанада 28 ерекше қажеттілігі бар жасөспірім колледждерде кәсіби даярлық курстарын аяқтады Өзбекстанда жертөледен жасырын медресе ашқан ер адам 10 тәулікке қамалды Тоқаев Қытайға 1 500 ақбөкен сыйлады «Ішкиімімді шешіп отырғам»: Әйелдер вагонындағы қыз жолсеріктің ер адам болғанына шағымданды Ер адам бұрынғы енесін баланың көзінше өлтіріп тастады Қостанайда 22 жыл бұрын танысын жыныстық қатынасқа түспегені үшін өлтірген ер адамға үкім шықты Израиль президенті: Хаменеиді өлтірсек, Иранмен қақтығыс тоқтайды Lamborghini-ден секіремін деп астына түсіп қаза тапқан жігіттің ісі бойынша сот үкімі шықты Иран тағы да Израильге қарай зымыран атқылады – жағдай ушығып барады Астаналық тұрғын сот арқылы ұлтын «неміс» деп өзгертті Ресей әскерінің Киевке жасаған түнгі шабуылынан 14 адам қаза тапты Петропавлда екі жасар бала күнбағыс дәніне тұншығып көз жұмды