Шымкентте жігіт сөйлесіп жүрген 17 жастағы қызды азаптап, мәйітін қорлады

Азиз Қалижан Редактор
17.06.2025, 20:10
2416
Шымкентте жігіт сөйлесіп жүрген 17 жастағы қызды азаптап, мәйітін қорлады Stan.kz

Қыздың өлгеніне сенімді болу үшін марқұмның мойнын пышақпен бірнеше жарақаттаған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Шымкентте 17 жастағы студент Береке Ерланқызын қатыгездікпен өлтіріп, мәйітін қорлады деген күдікпен 19 жастағы жігітке қатысты сот процесі басталды. Қылмыстық оқиға 2024 жылдың 12 наурызында болған. Қайғылы жайттан кейін марқұмның туыстары әділ жаза сұрап отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі жазды.

Прокурор Әскербек Пошимовтың сөзінше, қыз күдіктіні қара тізімге енгізіп, қарым-қатынасты үзгісі келген. Бұған шыдамаған жігіт оны өлтіруге шешім қабылдап, базардан арнайы пышақ сатып алып, көлік жалдап, университеттен алып кеткен.

– Жол бойы екеуі жанжалдасып, қала шетіне тоқтайды. Сол жерде жігіт пышақпен сол жақ көкірек тұсына бір, арқа тұсына екі рет соққы жасап, кейін мойын тұсынан бірнеше рет жарақат салады. Қыздың өлгеніне көзі жеткен соң, оны шешіндіріп, мәйітті қорлаған. Осының бәрін видеоға түсіріп алған, – деді мемлекеттік айыптаушы.

Кейін күдікті досымен бірге мәйітті қапқа салып, елді мекенге тастап кеткен. Бір күн ішінде марқұмның денесі табылып, күдіктілер ұсталған.

– Сіңілім өте өжет, ақкөңіл, тік мінезді болатын. Заңгер болуды армандайтын, бірінші курста оқып жүрген еді. "Қыз зорланды, өлтірілді" деген жаңалықтардан кейін, "мен қыздардың құқығын қорғаймын" дейтін. Амал не, өзі сондай тағдырға тап болды. Мұндай жауыздық жасаған адам өмір бойына бас бостандығынан айырылуы керек, – деп көзіне жас алды Берекенің әпкесі Аружан Ерланқызы.

Қанды қылмысты жасаған негізгі күдікті – 19 жастағы азамат Қылмыстық кодекстің "Адам өлтіру" бабымен, ал оған мәйітті жасыруға көмектескен досы – "Қылмысты жасыру" бабымен айыпталып отыр.

Береке Ерланқызы көзі тірі болғанда 22 маусымда 18 жасқа толар еді. Ол бес баланың ортаншысы болған. Енді ата-анасы мен туыстары оның өмірін қиған қылмыскердің ең ауыр жазаға тартылуын талап етуде.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды