Петропавлда екі жасар бала күнбағыс дәніне тұншығып көз жұмды
Баланы анасы үлкен балаларына тастап, сыртқа кетіп қалған.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 13 маусым күні Петропавл қаласында екі жасар бүлдіршіннің өліміне әкелген қайғылы жағдай тіркелді. Сәбидің күнбағыс дәніне тұншығып қалғаны белгілі болды.
Оқиға кезінде баланың анасы үйде болмаған: ол дүкенге шығып, баланы үлкендеу балаларға қарауға қалдырған. Сол сәтте сәби күнбағыс дәнін жұтып қойған.
Жедел жәрдем шұғыл шақыртылып, екі бригада қатар жұмылдырылғанымен, баланың өмірін аман алып қалу мүмкін болмады.
Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаментінің мәліметінше, аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалып, оқиғаның нақты мән-жайлары тергеліп жатыр.
Материал авторы
Дана Асылбекқызы
Тілші