Ресей әскерінің Киевке жасаған түнгі шабуылынан 14 адам қаза тапты

17.06.2025, 10:10
886
Ресей әскерінің Киевке жасаған түнгі шабуылынан 14 адам қаза тапты Efrem Lukatsky/The AP

Билік өкілдері қираған ғимараттардың астында адамдар болуы мүмкін екенін айтты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 2025 жылғы 17 маусымға қараған түні Ресей Федерациясының әуе күштері Киев қаласына жаппай шабуыл жасап, кемінде 14 адамның өмірін қиды. Тағы 44 тұрғын түрлі жарақат алған. Бұл туралы Украина Ішкі істер министрі Игорь Клименко мәлімдеді.

Киев мэрі Виталий Кличконың айтуынша, әсіресе Соломенский ауданы қатты зардап шеккен – мұнда көпқабатты тұрғын үйдің бір подъезі толығымен қираған. Қала әкімшілігі шабуыл кезінде негізінен тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар нысанаға алынғанын хабарлады.

Зардап шеккендер арасында Киев авиациялық институтының жатақханасында болған адамдар да бар. Билік өкілдері қираған ғимараттардың астында адамдар болуы мүмкін екенін айтып, құтқару жұмыстарының жалғасып жатқанын жеткізді.

Сол түні Одесса қаласына да дрондармен шабуыл жасалған. Мұнда кемінде 13 адам жарақат алған.

Қаза тапқандардың нақты саны құтқару жұмыстарының аяқталуына қарай өзгеруі мүмкін.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды