Қостанайда кафеде болған жанжал бойынша полиция екі қылмыстық іс қозғады

11.12.2023, 15:52
782
Қостанайда кафеде болған жанжал бойынша полиция екі қылмыстық іс қозғады polisia.kz

Қостанайда кафеде болған жанжал бойынша полиция екі қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

10 желтоқсанда “102” пультіне облыс орталығының ойын-сауық орындарының біріне келуші мен пульттік күзет қызметкерінің арасында жанжал болғандығы туралы хабарлама келіп түсті.

Іс жүргізу барысында полицейлер кешкі сағат 21:00 шамасында аталған мекемеге жеті адамның келгенін және олардың үшеуі мас күйде болғанын анықтады. Кейбір адамдар агрессивті түрде әрекет еткендіктен, мекеме әкімшісі оларға қызмет көрсетуден бас тартқан. Алайда қонақтар мекемеден кетпеген.

Осыдан кейін кафе қызметкерлері пульттік күзетті шақырған. Келген күзетшілер мен келушілердің бірі арасында ауызша қақтығыс болып артынша 33 жастағы ер адам күзетшілердің біріне дене жарақатын салып, оның қаруын иемденбек болған. Қайта тырысқанда, күзетші ұсақ бытырамен жабдықталған қызметтік карабиннен аяғына оқ атқан.

Осы дерекке сәйкес ҚР ҚК-нің 293-бабы 2-бөлігі бойынша (Бұзақылық), сондай-ақ ҚР ҚК-нің 252-бабы 2-бөлігі (Жеке күзет қызметтері қызметкерлерінің өкілеттіктерін асыра пайдалану) бойынша сотқа дейінгі екі тергеу басталды. Жанжалдың барлық қатысушылары анықталып, жауап алынды. Тиісті сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша түпкілікті процестік шешім қабылданатын болады.


Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды