Өткен түнде Жамбыл облысының құтқарушылары 16 азаматты құтқарды

12.12.2023, 17:38
621
Өткен түнде Жамбыл облысының құтқарушылары 16 азаматты құтқарды ҚР ТЖМ

Ауа-райына байланысты, халықтың назарына жеткізілген ескертулерге қарамастан, азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері түрлі жағдайларда көмекке жүгінген 16 адамды құтқарды. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

11 желтоқсан күні сағат 21:59-да «112» нөміріне Жуалы ауданындағы Күйік асуы маңында  автокөлікке мінген 3 ер адам адасып кеткені туралы хабарлама келіп түсті.  Іздеу жұмыстарына Жамбыл облысы ТЖД Жуалы және Жамбыл аудандарының Төтенше жағдайлар бөлімдерінің қызметкерлері жұмылдырылды. Сағат 22: 40-та жоғалған азаматтар дін аман табылды. Медициналық көмекті қажет етпеді. Жоғалып табылған азаматтар өз кезегінде құтқарушылардың кәсіби шеберліктері үшін алғыс білдірді.

12 желтоқсанда сағат 00:04-те Жамбыл ауданы, Қаракемер ауылының маңында шопан кісіні іздеуге шығып, адасып кеткен ер адамдар мен әйел адамдарды іздеуге көмек қажеттігі туралы хабарлама келіп түсті. Жедел-құтқару жасағы құтқарушыларының күшімен жол талғамайтын «ТРЭКОЛ» көлігінің көмегімен осы азаматтар түнгі сағат 02:50-де табылды. Медициналық көмекті  қажет етпеді.

Сағат 00: 24-те Шу ауданы, Көлқайнар ауылының маңында жоғалған шопанды іздеуге көмек қажеттігі туралы хабарлама келіп түсті. Ер адамды іздеуге Шу ауданының ТЖ бөлімінің күштері, полиция және жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері жедел аттанды. Қызметкерлердің шұғыл әрекеттерінің арқасында ер адам сағат 02:56-да табылды. Медициналық көмекті қажет етпеді. 

Сағат 00: 28-де Тараз қаласынан 30 шақырым қашықтықта ер адам мен әйелден көмек сұрап қоңырау келіп түсті. Олар көлігімен фазендаға қарай бет алған. Көлік қар құрсауында қалып қойғандықтан, олар көліктерін тастап,  жаяу жүруге шешім қабылдаған. Бірақ адасып кеткен. Жедел-құтқару құтқарушылары жедел түрде оқиға орнына шығып, сағат 02:15-те адасқан адамдарды тапты. Олар да медициналық көмекті қажет етпеді. 

Сағат 04:54-те Меркі ауданы маңындағы Алматы-Ташкент тас жолының бойында қалған 3 автокөлікке көмеқұтқарушылардың көмегі қажеттігі туралы хабарлама түсті. Көліктің салонында 8 адам бар. Оқиға орнына Меркі ауданының №9 өрт сөндіру бөлімінің күштері мен құралдары жедел барды.  Құтқарушылар азаматтарды жақын маңдағы елді мекенге жеткізді.

Құрметті азаматтар! Қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырамыз. Ең басты және сенімді ереже –- нашар көріну және көктайғақ кезде жолға шығудан бас тарту қажет екендігін еске саламыз. Егер, сапарды кейінге қалдыру мүмкін болмаған жағдайда, нашар көріну жағдайында қауіпсіз жүрудің негізгі кепілі жылдамдық режимін төмендету екенін есте ұстаған жөн.

Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді қызметтен босатты Алматыда Lexus көлігі баланы басып өтіп, көмектеспестен қашып кеткен (ВИДЕО) Чемпион боксшы жарақатына байланысты мансабын аяқтады