Өзбекстанда авторитеттердің «атасы» Сәлім байбатша ұсталды

14.12.2023, 11:21
821
Өзбекстанда авторитеттердің «атасы» Сәлім байбатша ұсталды Jahongir Latipov / YouTube

Жалғанды жалпағынан басқан криминалдық авторитеттерге тықыр таяған ба дерсіз. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

Орталық Азия елдерінде соңғы уақытта авторитеттердің соңына түсу үрдісі пайда болған сияқты. Мұндай жағдай алдымен Қазақстанда, одан кейін Қырғызстанда бой көрсетті. Бізде Дикий Арман аталған Арман Жұмагелдиев қамауға алынса, Қырғызстанда Қамшы Көлбаев деген заңдағы ұры өлтірілді. 

Көштен қалмайық деген бе, енді міне, Өзбекстан билігі де өз елінің аумағындағы криминалды авторитеттердің шетінен ұстап жатыр. Өзбекстандағы ең танымал, ең байырғы авторитет – Сәлім Қырғызбайұлы Абдувалиев. Оны Өзбекстан халқы Сәлімбай немесе Сәлім байбатша атап кеткен. 1-желтоқсан күні Сәлім Абдувалиев қамауға алынды. Қазір оны тергеу алды тексеру жұмысы басталды деп жатар. Нақты қандай айып тағылып жатқаны жайлы айтылмаған. Оны бүкіл криминалдық жүйенің басында тұрған адам деп те айтады. Әрі оның Өзбекстандағы ең бай адам деген дақпырты тағы бар. Бай екені рас болса керек. Байлығының қандай екені бірер жыл бұрын қызын ұзатқанда көрінген. Тойына Әзірбайжанның бұрынғы үкімет басшысы Аббас Аббасов, Ресей премьер-министрінің орынбасары Олег Сосковец, Ресейдегі Ингуш республикасының президенті, атышулы генерал Руслан Аушев, тағы ба қа көптеген белгілі тұлғалар мен танымал эстрада жұлдыздары барған.

Ал жақында, қыркүйек айында Ресейдің танымал әртісі, «Поле чудес» шоу-бағдарламасының жүргізушісі Леонид Якубович Сәлім Абдувалиевтің үйінде қонақта болды.  Былтыр Сәлім байбатшаның үйінде қонақта «Бригада» фильмінде Саша Белыйдың ролін ойнаған атақты әртіс Сергей Безруков, атақты теннисші Анастасия Мыскина болған еді. Жалпы криминалдық авторитет Сәлім Абдувалиевтің үйінде белгілі саясаткерлер мен өнер жұлдыздары жиі болып тұрады. Үйінде әйгілі чемпион Хабиб Нұрмагомедов, сықақшы әртіс Евгений Петросян, танымал әншілер Алсу, Григорий Лепс, әртіс, шоумен, продюсер Михаила Галустян, тағы ба қа көптеген жұлдыздар болған.

Сәлім байбатша жасынан күреспен айналысып, КСРО жарыстарында көптеген жеңіске жеткен, бес рет Өзбекстан чемпионы болған. Осы күні ол Өзбекстанның спорт күресі қауымдастығының президенті әрі Ұлттық олимпиада комитеті төрағасының орынбасары. 

Сәлім байбатша 73 жаста. Ол 1950 жылы Ташкент қаласында туған. Көптеген басылымдар оның Ферғана облысында немесе Қазақстанда туған деп жататын көрінеді. Ал өзі Ташкентте туғанын айтқан. «Эхо Узбекистана» деген телеграм-арна Сәлім Абдувлиевтің әкесінің түбі қырғыз, ал шешесі қазақ екенін жазыпты. Өзінің сұхбаттарының бірінде ол  ешкімге қиянат жасамағанын, ешкімнің құқығына қол сұқпағанын, барлық кезде әділ болғанын, әке-шешесі адал бол, ешкімнің ала жібін аттама деп тәрбиелегенін айтыпты.

Сәлім байбатшаны қызметпен қатар кәсіпкерлікпен де айналысады деп жазған, бірақ нақты қандай кәсіп екенін келтірмеген. Ол күрестен балалар және жасөспірімдер спорттық секцияларын дамытумен және қаржыландырумен айналысып келеді екен.  Сәлім Абдувалиев төрт қыздың және екі ұлдың әкесі.

Тергеу қандай да бір ілік тауып, Өзбекстан соты атағы алысқа кеткен авторитет Сәлім Абдувалиевті соттауы да мүмкін.

Өзбекстанда мұның алдында басқа авторитеттер де қудаланып жатқаны айтылған.  Өзбекстанның кәсіби бокс федерациясының вице-президенті Гафур Рахимовқа іздеу жарияланды. Бірер апта бұрын криминалдық орта өкілдерінің бірі Саидазиз Сейдалиев деген азамат ұсталды. Ол адамдарды бопсалауды, өзгелердің ірі көлемдегі қарыздарын қорқытып-үркітіп өндіріп беруді ұйымдастырып келген деген күдік тағылған. Аса ірі көлемде бопсалау күдігімен Бақтияр Құдратуллаев деген азамат пен тағы екі адам қамауға алынды. Аса ірі көлемде ақша бопсалаумен айналысып келген Дилшод Шарипов және Анвар Мирзаханов дегендер де құрықталды.

Осылайша, Ташкентте бандалық құрылымдар мен қылмыстық топтарды анықтау және ұстау рейді жүріп жатыр. Бұл туралы Ташкент қаласы бойынша ішкі істер бас басқармасы хабарлаған.

Еске алсақ, криминалдық авторитеттері ең көп ел Грузия болатын. Бүгінде солардан ешкім қалған жоқ. Михаил Саакашвили президент болған тұста бәрінің екі аяғын бір етікке тықты, Грузияда тәртіп орнатты. Қылмыс, жемқорлық дегеннен түк қалмады. Саакашвили криминалдық авторитеттерді ғана емес, бүкіл құқық қорғау органдарын да түгелге жуық ауыстырды. Саакашвилидің жасап кеткен реформаларының пайдасын Грузия әлі күнге дейін көріп келеді.   

«Берген садақамды да есептеген»: Ләйлә Сұлтанқызы комитет алдында табысы туралы есеп берді Трампқа ерегескен Қытай Hollywood фильмдерінен бас тартпақ «Жақында өмірге бір бөпе келеді»: Айгүл Иманбаева қуанышты хабарын жеткізді Гүлзира Айдарбекова туған күнін Вьетнамдағы вилласында қарсы алды «Күнде хабарласады»: Блогер Айжан Байзақова өзіне қайын атасы маза бермейтінін айтты Сәкен Майғазиев ұлының сүйіктісі барын әлеуметтік желі арқылы білгенін айтты «Ешқашан өштескен емеспіз»: Алматыда 45 жастағы әйелді құдасы дубинкамен көшеде ұрып кеткен Magnum халықтан кешірім сұрады (ВИДЕО) АҚШ-тың Украинадағы елшісі жұмыс орнын босатты Шерзат Болатты қалай өлтіргенін прокурор ретімен айтып берді Мемлекеттік төңкеріс жасамақ болған бір топ адам ұсталды «Зауыт салу керек еді»: Абай Бегейдің қызы Ақтауда құны 20 млрд теңге тұратын мейрамхана ашты Қазақстанда Ислам даму банкінің қолдауымен 4 жаңа су қоймасы салынады Атыраулық үш жасар бүлдіршін Президенттен алғыс алды Құлсары маңында тағы да жер сілкінді «4 отадан аман-есен өттім»: әйгілі Ника Нетт бет-әлпетін өзгертті Жанар Айжанова сынған сүйекті емдеудің жолын тапты Шерзаттың үйін өртегендерді анықтау үшін ресейлік спутник қолданылмақ Түркістанда ер адам бұрынғы әйеліне пышақ тақап, басқа қалаға қорқытып алып кеткен Ақтауда ер адам балаларды пышақпен қорқытқан (ВИДЕО)