Тірі анасын жерлеу үшін ақша сұраған

20.12.2023, 09:59
1202
Тірі анасын жерлеу үшін ақша сұраған polisia.kz

Жетісу облысында бірнеше алаяқтыққа қатысы бар күдікті қамауға алынды. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

Полицейлер Үштөбе қаласының тұрғындарын бірнеше рет алаяқтық жолмен алдаған 37 жастағы күдікті ер адамды ұстады. Әзірге ұсталған азамат келтірілген залалдың жалпы сомасы 1 миллион теңгеден асатын үш алаяқтық ісіне қатысы бар деген күдікке ілінді.

– Ұсталған азамат көршілес Алматы облысының тұрғыны, ол Үштөбеде жұмыс істеген. Бір оқиғада ер адам жұмыс берушіден тірі анасын жерлеуге деп қаражат сұраған. Бір    досынан соғымға деп жылқы алған, оны да төлемеген. Үшінші біреуден қолма-қол ақшаны емделу үшін қарызға алған. Қазір күдіктінің басқа да осыған ұқсас қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталып жатыр, – деді Қаратал АПБ бастығының орынбасары Арман Сұлтанұлы.

Аудандық соттың санкциясымен күдікті ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігіне сәйкес жүргізіліп жатыр.


Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады