Қазақстандағы ұялы байланыс операторларының тарифтерін кім реттейді

21.12.2023, 20:35
598
Қазақстандағы ұялы байланыс операторларының тарифтерін кім реттейді gov.kz

Жақында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин операторлардың тарифтік саясатты өз бетінше жүргізіп жатқанын айтты.

Оның сөзінше, бұл заң нормаларымен бекітілген. Министрдің мұндай мәлімдемесі қоғамның түсініспеушілігін тудырды.

Телекоммуникация комитетінің төрағасы еліміздің тұрғындары жиі қоятын сұрақтарға жауап берді.

- Қолданыстағы заңнама бойынша ұялы байланыс операторларының бағалары мен тарифтері қалай реттеледі?

 «Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес бәсекелестікті дамыту мақсатында 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап байланыс қызметтеріне тарифтерді мемлекеттік реттеу жойылды. Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 116-бабының 1-тармағына, сондай-ақ «байланыс туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабына сәйкес тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге бағалар мен тарифтерді кәсіпкерлік субъектілері дербес айқындайды

- Яғни, министрлік байланыс тарифтерін реттеуге ешқандай қатысы жоқ деп айтқыңыз келе ме? Қазір әлеуметтік желілерде тарифтік жоспар өзгерген кезде абоненттің келісімін жою туралы Цифрлық даму министрінің бұйрығының нормасы белсенді талқылануда. Осыған байланысты 2023 жылы министрлік абоненттің келісімі туралы норманы өзгерту туралы шешім қабылдағанын толығырақ айтып беріңізші?

Тарифті ұлғайту кезінде абоненттің келісімі туралы бастаманы министр алғаш рет 2021 жылы ұсынған және дәл осы жылы жылы «ұялы байланыс операторлары тарифтік жоспарлардың шарттарын абоненттің келісімімен ғана қолданысқа енгізілгенге дейін күнтізбелік отыз күн бұрын қысқа мәтіндік хабарламаларды жаппай тарату жолымен өзгертетіні туралы» қолданыстағы бұйрыққа өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Алайда, іс жүзінде тарифтік жоспарлардың шарттары өзгерген кезде абоненттердің келісімін алу тиімді болмағанын түсіндік. Яғни, шын мәнінде, азамат SIM картаны алған кезде жария офертаға қол қойяды. Сондай-ақ, абонент оператор енгізетін өзгерістермен келіспеу туралы өтініш жіберген кезде ұялы байланыс операторы келіспеген жағдайда абонент басқа тарифтік жоспарға ауысуға не басқа оператордың желісіне өтуіне құқылы екендігі туралы хабарлама жіберетін жағдайлар болды. Яғни, бұл норма операторларға тарифтердің бағасын басқа жолмен көтеруге мүмкіндік берді. Осыған байланысты, ұялы байланыс операторларының аталған әрекеттері абоненттердің тарифтік жоспарлар құнының өзгеруіне, қызметтердің тарифтік жоспарына енгізілген көлемнің өзгеруіне (ГБ, минуттардың ұлғаюы және т.б.) және бұл қоғамның жаппай әлеуметтік наразылығы тудырды. Статистиканы мысалға келтірейін, 2021 жылдың соңы мен 2023 жылдың маусымы аралығында ЦДИАӨМ 500-ден астам шағым қаралды.

- Неліктен ведомство бұл норманы алып тастау туралы шешім қабылдады?

Біз бұйрық нормаларының тиімді болғанын қаладық. Сондықтан Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен бірлесіп 2023 жылғы 31 Наурызда тұтынушылардың құқықтарын қорғауға бағытталған заң нормасына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді: бұйрықтың 57-тармағының 11) тармақшасына сәйкес жаңа тарифті қолданысқа енгізілгенге дейін қысқа мәтіндік хабарламаларды күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей жаппай тарату жолымен тарифті өзгертеді;  57-тармағының 26) тармақшасына сәйкес оператор талап етілмеген, яғни осы тарифтік жоспарда абоненттер болмаған кезде тарифтік жоспарды жояды.

- Ең бастысы, тарифтердің негізделген шығындарын есепке алмағанда, тарифтік жоспарлардың көрсетілген шарттарына өзгерістер енгізуге жол берілмейтінін атап өту керек. Бұл нормалар 2004 жылғы 5 шілдедегі «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабына сәйкес енгізілді.

Бұл норма бізге не берді? Осы норманың негізінде абоненттерден тарифтік жоспарлардың өзгеруіне шағымдар түскен кезде Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі ұялы байланыс операторларын жауапкершілікке тарта отырып, тарифтік жоспарлардың өзгеруі кезінде шығындардың негізділігіне тексерулер жүргізеді.

Біз статистиканы салыстырдық. Қазіргі уақытта тарифтің өсуіне қатысты шағымдар алдыңғы кезеңмен салыстырғанда төмендеді, мысалы, 2022 жылдың 4 тоқсанында 136 шағым, ал 2023 жылдың 4 тоқсанында 102 шағым түсті.

- Операторлардың өздері бұл нормаға қалай қарады?

Әрине, «шығындарды негіздеу туралы» норма оларды қуантқан жоқ. Бүгінгі таңда ұялы байланыс операторлары соттарда байланыс қызметтерін көрсету ережелерінің қабылданған нормаларына қарсы шығып жатыр. Ұялы байланыс операторлары тарифті арттыру үшін шығындардың негізділігі нормасын енгізетін нормативтік құқықтық актіге қарсы талап арыз берді. Талап аргументтеріне мыналар кірді: байланыс қызметтерін өз бетінше басқару құқығын шектеу, негізделген шығындар негізінде өзгерістерден басқа тарифтік жоспарлардың шарттарын өзгертуге тыйым салу, тарифтік жоспарларды жоюға тыйым салу, тарифтік жоспарлардың шарттарын бір уақытта өзгертуге тыйым салу және абоненттердің келісімінсіз Интернетке қол жеткізу бағасын көтеру.

Сотта Министрлік өкілдері операторлардың «шығындарының негізділігі» бөлігінде норма өзгерістерінің заңдылығын дәлелдеді. Операторлардың алғашқы талабын Астана қаласының аудандық соты қабылдамады және аппеляциялық соттың Министрліктің пайдасына шешілді. Шығындардың негізділігі туралы Норма операторларға абоненттердің келісімі мен жария оферттерді пайдаланудың алдыңғы тәжірибесін өзгерту арқылы бағаның көтерілуінің заңдылығын дәлелдеуде қиындықтар туғызды.

- Ержан Болатұлы, бұл мәселені біржолата жабайық. Ұялы байланыс тарифтерінің қымбаттауына көңілі толмаса, қарапайым азаматтар кімге жүгінуі керек?

Министрлік көрсетілетін қызметтердің сапасын ғана реттейді, ал бағаны көтеру бойынша азаматтар Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне (БҚДА) жүгінуі керек. Содан соң кейін Агенттік тарифтер бағасының көтерілуінің заңдылығына тексеру жүргізеді және қажет болған жағдайда айыппұл салады. Тағы да қайталаймын, шығындарды негіздеу туралы норманы қабылдағаннан кейін көптеген операторлар бағаның негізсіз өсуін жүзеге асыра алмайды. Дәл қазір біз «шығындардың негізділігіне» қатысты түзетулер енгізген нормаларға сәйкес ұялы байланыс операторына қатысты тергеу жүріп жатыр. Менің ойымша, алдағы күндері біз осы тергеудің нәтижесін көреміз. Көбінесе операторлар бағаның өсуін негіздей алмайды.

Сонымен, ұялы байланыс операторларының тарифтерінің бағасын ЦДИӨМ емес, операторлардың өздері өсіреді, ал заң бойынша тарифтерді енді нарық реттейді. Ал БҚДА түскен арыз-шағымдар мен бағаны заңсыз өсіруге байланысты тиісті айыппұлдар салады.

Украинадағы жағдай ушықты: Бектенов шұғыл жиын өткізді «Еліміздің барлық аймағында дерлік күн бұзылады»: 22 қарашаға арналған ауа райы болжамы жарияланды Желіде Перизат Қайраттың жалған сұхбаты тарады Ұлттық ұлан факультетінде ғылыми-теориялық конференция өтті «Әр баланың өз бөлмесі бар»: Блогер Дархан Жолшыбеков көпбалалы әйелге үй сыйлады «Қатты ауырып жатыр»: Жанқош Тұраровтың әлі күнге дейін тергеуге бармағаны белгілі болды «5 млн дейін береді»: Ләйлә Сұлтанқызы Шымкент өңіріндегі қалың малдың қанша екенін жариялады Перизат Қайраттың «Біз біргеміз» қоры жариялаған фотолар басқа сайттан алынған болып шықты Автобус тізгіндеу қауіпті бола бастады ма? «Біреу мені құлатқысы келеді»: Дина Төлепберген үндеуімен ойландырып қойды (ВИДЕО) «Бұл затта менің энергиям бар»: әншіліктен алшақтаған Ерке Есмахан жаңа кәсіппен айналысатын болды (ФОТО) «Горилла» ішіп «маймыл» болғанша: ҚМДБ пәтуасы қандай? Әкесі қызын күйеуге тиюден бас тартқаны үшін өлтіріп тастады Қаңғыбас адамнан қаңғыбас иттің «жағдайы жақсы» «Тоқал» алдым деп мақтанған жекпе-жек шебері Тайрон Вудлиді рингке шақырды Кластастар қайда: сыныптасын секс құлдықта ұстағандардың ісі не болып жатыр? Футболға 5 млрд теңге бөліп, чемпион болмай-ақ қойдым: Нәлібаев халықтың ойын дөп айтты «Біз – араб емеспіз»: Нұрлан имам қалыңмалға қосып мәһрді де алуға болмайтынын айтты Базардан ет алу – қорқынышты: Атырауда сібір жарасы анықталды Жолбарыстың видеосын жариялаған теміртаулық әйелдің басы «бәлеге» қалды (ВИДЕО)