Атырау облысында мұз астына түсіп кеткен екі адам құтқарылды

26.12.2023, 10:37
1046
Атырау облысында  мұз астына түсіп кеткен екі адам құтқарылды polisia.kz

Атырау облысында полицейлер мұз астына түсіп кеткен әйел мен оған көмектеспек болған ер адамды құтқарды. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

25 желтоқсан күні сағат 19:20 шамасында Құрманғазы ауданы Шарон өзені үстінде белгісіз әйел адам мұз ойылып, суға түсіп кеткені жөнінде аудандық полиция бөлімінің кезекші бөлімшесіне хабар берген.

Аудандық полиция бөлімінен саптық жиыннан тарап келе жатқан полиция қызметкерлері тез арада оқиға орнына жетуге бағыттама алған. Аталған хабарламаны естіген тәрбие және кадр бөлімшесінің инспекторы Роман Насихан да уақыт өткізбей жеке автокөлігімен оқиға орнына жеткен.

Оқиға орнына бірінші жеткен ол автокөліктен арқан жіп алып мұз үстіне шыққан. Мұз үстіне шыққан кезде көмекке келген ер адамның да мұз ойығына түсіп кеткенін көрген. Сол сәтте көмекке патрульдік полиция бөлімінің қызметкерлері Артур Каримов, Нұрхат Зұлқаров, Әділбек Темірболат, Жандос Ибатуллаев, Амандық Айдыналиев және учаскелік полиция инспекторы Дархан Аманғалиев көмекке келіп, суға кеткен әйел адам мен оны құтқаруға оқталып өзі де ойылған мұз құрсауында қалған ер адамды құтқарып қалған.

Жұқа мұз үстіне бір уақытта 10-ға жуық адам шыққан сәтте мұз ойығы одан әрі үлкейген. Алайда адам өміріне араша болар сәтте аязды күнде мұзды суға қарамастан оқыс оқиғаға куә болып, бейжай қарамаған 1996 жылы туған азамат пен полиция қызметкерлері 1959 жылы туған әйел адамды жағаға шығарды.

Мұзды су астында болған әйел мен қатты суықтаған ер адамды жағадан шығарған кезде жедел-жәрдем қызметкерлерінің келуін күтпей, полиция қызметкері Роман Насихан жеке автокөлігімен және патрульдік полиция қызметкерлері аудандық ауруханаға уақытылы жеткізген. Қазіргі таңда 64 жастағы әйел адам дәрігердің бақылауында.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады