Заңға мұрын шүйіре қараумен-ақ қылмыстан көз ашпайтын болдық

28.12.2023, 10:41
582
Заңға мұрын шүйіре қараумен-ақ қылмыстан көз ашпайтын болдық smartnews.kz

Қылмысты құрықтау ісінде соңғы күндері бірнеше маңызды оқиғалар болды. Олар сепаратизммен, иығында погоны бар адамдардың қылмысымен, терроризмді насихаттаумен және лаңкестерге қосылу үшін Сирияға кетумен байланысты. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

Шығыс Қазақстан облысында 43 жастағы әйел сепаратизм бабы бойынша бес жылға сотталды. 

Биыл жазда Шығыс Қазақстан облысының Алтай ауданында Лениннің ескерткіші тұғырынан тайып, құлаған болатын. Оны біреулер итеріп құлатып кеткен. Негізі ескерткішке реставрациялау немесе жөндеу жұмысы жүргізіліп жатқан шақ еді деп жатыр. Біреулер ескерткішті түнде итеріп құлатып кетсе керек. Сол кезде қылмыстық іс  қозғалды делінген еді. Осы күнге дейін хабар тарамағанына қарағанда, құлатқан адам табылмаған болса керек.

Лениннің басымен жер сүзе жатқан бейшара халінің бейнежазбасы сол кезде әлеуметтік желіге тараған. Желі қолданушылар арасында ескерткішті орнына қайта қою немесе қоймау туралы мәселе қызу талқыға түскен. Көпшілікпен бірге әңгімеге араласқан әлгі 43 жастағы әйел өзінің бейнежазбасын қалдырып, ескерткіштің құлатылғанына наразылық білдірген. Және ол Шығыс Қазақстан облысы ерте ме, кеш пе, Ресейге қосылады деген пікір айтқан. Ал мұндай сөздер желі қолданушылардың ашу-ызасын тудырған.

Сот шешімі 13-желтоқсанда шықты. Енді бірер күнде ол күшіне енеді. Іс материалында айыпталушы кеңес одағын қайта құру және Шығыс Қазақстан облысының аумағын Ресейге қосу идеясын ұстанып, Қазақстанның тұтастығын бұзуды насихаттаған деп келтірілген. Сотталушы әйел Қазақстан Конституциясын бұзу туралы жаман ниеті болған жоқ, жазған пікіріме өкінемін деп, кешірім сұраған. Оның кәмелетке толмаған баласы бары ескеріліп, жазаны өтеу мерзімі бес жыл кейін шегерілген.

Лениннің ескерткішіне байланысты дау болған екен. Мамыр айында Алтай аудандық мәслихаты ескерткішті жөндеуге бюджеттен 1,5 миллион теңге бөлуді мақұлдаған. Жергілікті халық идеологиялық жағынан ескірген мүсінді алып тастауды ұсынған. Бірақ билік оның жергілікті маңызы бар тарихи-мәдени ескерткіштер тізімінде тұрғандықтан жөнделуі керегін, апатты күйде қалдыруға болмайтынын айтқан көрінеді.

Сол Шығыс Қазақстан облысында 27-желтоқсанда 18 жастағы жасөспірім ұсталды. Ол терроризмді насихаттады деген күдікке іліккен. Үйінен діни әдебиеттер тәркіленген. Бұған дейін оған заңсыз әрекеттерге бармау туралы бірнеше рет ескертілген екен. Соған қарамай әлеуметтік желіде насихатын жалғастыра беріпті. Ұлттық қауіпсіздік комитеті әлеуметтік желілерде радикалды идеологияны, әсіресе жат діндерді насихаттаудың жастардың дүниетанымы үшін қауіпті екенін еске салады. Шыны керек, балаларының интернеттегі радикалды дін насихатына кіріп кетпеуін ата-аналар да қадағалағаны жөн.

Ал Алматының әуежайында соғысу үшін Сирияға аттанып бара жатқан адам ұсталды. Ол аса қауіпті қылмыскер ретінде қарастырылатын қазақстандық екен. Себебі бұған дейін ұрлық, зорлау, кісі өлтіру әрекеттері үшін сотталған. Хабарламада ол түрмеден шыққаннан кейін ол радикалды идеологияны ұстана бастағаны айтылған. Ал соңғы уақытта Сирияға барып, сол жақта лаңкестік топтардың бірінің жағында соғысамын деп шешім қабылдаған. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, ұсталған адам лаңкестік әрекетті қаржыландырды деген күдікке де ілінген.

Құқық қорғау органдарының өкілдері де қылмыс істеуден сау емес. Таразда екі полиция қызметкері есірткі сатқан жерінен ұсталды. Оларды Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің өкілдері қолға түсірді. Күдіктінің бірі полиция бөлімшесіне қарасты криминалдық полиция бөлімі бастығының орынбасары екен. Ол 2,8 грамм синтетикалық есірткіні 100 мың теңгеге сатып жатқан жерінен ұсталды. Ал қасында өзінің қол астындағы қызметкер болған. Екеуінің үстінен де қылмыстық іс қозғалды. Ал Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің директоры болған Дархан Ділманов істі болғаны белгілі еді. Енді оның соты өтіп, бес жылға бас бостандығынан айырылды. Ділманов пен басқа да лауазымды тұлғалар ірі мөлшерде пара алды деп айыпталған болатын. Хабарламада Ділманов Қытайдан Қазақстанға келген жүктерді ауыстырып тиеудің қылмыстық схемасын жасауға көмектескені жайлы айтылған. Оны генерал-лейтенант шенінен, Екінші дәрежелі «Айбын» орденінен және «ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ардагері» құрметті атағынан айыру туралы президентке ұсыныс енгізілді.

Ділмановпен бірге тағы бірнеше адам әр түрлі мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына сотталды. Біреуіне 38 миллион теңге айыппұл салынды. Үкімдер әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Мінеки, қоғамымызда күн құрғатпай қылмыстың неше алуан түрлері жасалып, олардың кейбірі осылай әшкере болып жатады.

Instagram-дағы жанжалдан кейін жасөспірімді өлімші етіп ұрып, өлтіріп кеткен Әскери-техникалық мектепке – 25 жыл «Бас сүйек-ми жарақаттанған»: Ақтауда қауіпті ойыннан кейін оқушы ауыр жарақат алды Астанада дұрыс тамақтану тақырыбында отбасылық аспаздық мереке өтті Әзілкеш Нұрсұлтан Жақсыгеннің бұрынғы әйелі күйеуінің 8 ай алимент төлемегенін айтты Блогерлердің жарнамасына сенген ата-аналар алданып қалған (ВИДЕО) Қордайда 15 жастағы қызды өз әкесі мен кіндік әке-шешесі зорлаған (ВИДЕО) BI Group басшысы сүттің кесірінен дертке шалдыққанын айтты «Албасты деді»: Меруерт Түсіпбаева халық әртісі Майра Ілиясовадан кешірім сұрады Оралда жазасын өтеуші түрме ауласында жалаңаш жүрген (ВИДЕО) «17-қабаттан лақтырамын деп қорқытты»: Ақтауда ер адам әйелін сағаттар бойы азаптаған Трамп пен Путин 2 сағат бойы не туралы сөйлесті? АҚШ келесі келіссөз соңғы деп сендірді «Мына қыз сенің кәрі шешеңді бағады»: Бейсен Құранбектің жары алғаш рет сұхбат берді (ВИДЕО) «Қамауға алды»: Стэнд-ап комик Нұрлан Сабыров Ресейден шығарылмақ (ВИДЕО) Түркістандағы мектеп формаларын тігетін фабриканы қытайлық компания ашатын болды «262 500 теңге»: Күзде стипендия өседі Әскери борышты өтеу ешқашан кеш емес: Астаналық ұландықшеру кезінде жасаған әсерлі қылығымен желіде жұлдызға айналды Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Келін түсірмесек, істемейміз»: Сәкен Майғазиев ұлының үйлену тойына дайындықты бастады (ВИДЕО) «Мақпалдың бетін мен аштым»: Мұхамеджан Тазабек Заманбек Нұрқаділов туралы айтты