"Перзентханада ауыстырып алған". Туған анасын іздеген қазақ балаға қатысты тағы бір дерек шықты

02.01.2024, 09:43
29327
"Перзентханада ауыстырып алған". Туған анасын іздеген қазақ балаға қатысты тағы бір дерек шықты ашық дереккөзден

"Бармысың, бауырым?" бағдарламасының редакторы Әсел Асқарқызы Жәнібекке қатысты тың деректерін жария етті. Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Жәнібек бүгін Қазақстаннан ұшып кетті, бірақ ол оралады, солай ғой, Жәнібек? Қазіргі нәтиже: қолхат жазған, перзентханаға ұлын тастап кеткен әйел табылды, өкініштісі, ДНҚ сараптамасының алғашқы нәтижесі теріс шықты. Тағы да қосымша тексеріп жатырмыз. Қазіргі болжам: бала ауыстырылған сияқты, өйткені перзентхана архивіндегі бүкіл мәліметті растап, қолхат жазғанын мойындап отырған әйел - Жазира табылды. Ал Жәнібек Жазираның ұлы болмаса, Жазираның өз ұлы қайда?, - дейді редактор Әсел Асқарқызы.

Ендігі кезекте 2002 жылғы қаңтарда Арқалық перзентханасында босанған әйелдерге іздеу салатынын мәлім етті.

Нәресте кезінде бала ауысып кетсе, қазір Жәнібектің туған анасы Жәзираның баласын бағып отыруы мүмкін ғой? Жәнібектің фотосына қарап, туған ата-анасы өзін тануы да мүмкін. Бұл тек болжам. Жәнібек "Қазақ" радиосының "Бармысың, бауырым?" хабары редакциясына заң бойынша сенімхат беріп кетті. Аталған оқиғаға қатысты маңызды мәлімет болса, 8-771-321-97-86 (Asel) нөміріне уатсапқа жазсаңыздар болады, кез келген ақпарат құпия түрде қабылданады, - деп жазды ол.

Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді қызметтен босатты Алматыда Lexus көлігі баланы басып өтіп, көмектеспестен қашып кеткен (ВИДЕО) Чемпион боксшы жарақатына байланысты мансабын аяқтады