Сәтбаев университетінің ғалымдары мыс рудаларын өңдеудің инновациялық технологиясын әзірлеуде

07.01.2024, 10:21
800
Сәтбаев университетінің ғалымдары мыс рудаларын өңдеудің инновациялық технологиясын әзірлеуде gov.kz

Сәтбаев Университетінің профессоры Бағдәулет Кенжалиев басқаратын Металлургия және байыту институтының ғалымдары мыс өндіру және осы саладағы экологиялық жағдайды жақсарта алатын мыс кендерін өңдеу технологиясын ойлап тапты. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

«Балқаштүстімет» өндірістік бірлестігінің қызметкерлері мен аталмыш институттың ғылыми қызметкерлерінің бірлескен күшімен Ванюков пешінің өнімділігі 1,5–2 есеге артты. Автогенді балқыту технологиясы жаңа ПВ-2 пеші өндіріске пайдалануға енгізілуімен «Балқаштүстімет» өндірістік бірлестігінде қолданылатын жалғыз технология болып отыр, осы технологияның көмегімен Қазақстанда өндірілетін барлық мыстың жартысына жуығы өндіріледі. Бұл БТКМК-да катодты мыс өндірісін жылына шамамен 200 мың тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік берді.

Қазіргі уақытта Ванюков пештерінде шикізаттан мыс алуды арттыруға бағытталған балқыту технологиясын жетілдіру, оның ішінде екі аймақтық Ванюков пешінде күкірт мыс концентраттарын үздіксіз балқыту технологиясын жетілдіру бойынша жұмыстарды жалғастырудамыз. Осы технологияны енгізудің арқасында жылына қосымша 2000 тоннадан астам мыс алуға болады. Сонымен қатар үйінді қалдықтарын шығаруды азайту арқылы зауыт орналасқан жердегі экологиялық жағдайды жақсартуға болады, бұл өз кезегінде кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді.

Жобаға бас ғылыми қызметкер, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі Сұлтанбек Қожахметов пен зертхана меңгерушісі, техника ғылымдарының докторы Сергей Квятковский жетекшілік жасап жүргізуде.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды