Абай атындағы Мемлекеттік сыйлыққа өтінімдер қабылдау басталды

08.01.2024, 17:59
602
Абай атындағы Мемлекеттік сыйлыққа өтінімдер қабылдау басталды gov.kz

Қазақстан Республикасының 2024 жылғы Абай атындағы әдебиет және өнер саласындағы Мемлекеттік сыйлығына байқау жарияланды. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

Өтініштер мен жұмыстарды қабылдау 1 наурызға дейін жалғасады.

Абай атындағы Мемлекеттік сыйлық Қазақстан мәдениетінің дамуына ерекше құнды үлес деп танылған әдебиет пен өнер саласындағы көрнекті еңбектері үшін Қазақстан Республикасының азаматтарына және шетелдіктерге беріледі.

Шартқа сәйкес, сыйлыққа жұмыстарды ұсынуды мемлекеттік органдар, шығармашылық одақтар мен топтар жүзеге асырады. Абай атындағы мемлекеттік сыйлыққа жұмыстарды қабылдау аяқталғанға дейін бес жылдан аспайтын уақытта және кемінде бір жыл бұрын (2024 жылдың 1 наурызына дейін) көпшілік айналым үшін орындалған бір автордың немесе авторлар ұжымының жұмыстары (бір жұмыс) ұсыныла алады.

Абай атындағы мемлекеттік сыйлыққа ұсынылған ұжымдағы үміткерлердің саны 5 адамнан аспауы тиіс. Шығарма Абай атындағы Мемлекеттік сыйлыққа бір рет қана ұсынылады. 

Байқау шарттарын Министрлік сайтынан біле аласыздар. 

 

Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды