Үш мың запастағы жауынгер әскери машығын жетілдіру жиындарына шақырылады

11.01.2024, 16:12
788
Үш мың запастағы жауынгер әскери машығын жетілдіру жиындарына шақырылады smartnews.kz

Елімізде жыл сайын әскери міндеттілерді әскери дайындық жиындарына шақыру жүріп жатқаны белгілі. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

Биылғы жылдың барысында әскери міндеттілер ондай шақыруға былтырғыға қарағанда екі есе көп шақырылатыны белгілі болды. Қорғаныс министрлігі «Әскери қызметке міндеттілерді 2024 жылға әскери дайындыққа шақыру туралы» бұйрықтың жобасын дайындаған екен. Онда 2024 жылы әскери дайындықтан өтуге 3000 адамды шақыру туралы жазылған. Бұйрық жобасы 23 қаңтарға дейін қоғамдық талқылауға ұсынылған.

2023 жылы Қорғаныс министрлігі 1500 қазақстандықты бір айлық әскери дайындыққа шақырды. Биылғы бұйрықтың жобасында әскери дайындыққа қанша уақытқа шақырылатыны көрсетілмеген. Бұған дейін ондай жиындарға 30 күнге шақыратын. Әрине, жұмыс орны мен жалақысы сақталады. Ал әскери құрылымдарда қаруы мен формасы және басқа жабдықтары сақталып тұрады. Әсери дайындық жиынынан өткен әскери міндетті адам кез-келген уақытта сапқа тұруға дайын болуы тиіс.

Әскери дайындық жиынына барғандар өздерінің ұмыта бастаған әскери машықтары мен әскери мамандықтарын қайта жетілдіреді, оларды тікелей ұрыс жағдайында қолданудың тәжірибесін алады.

Биыл әскери дайындық жиынына 3000 адамның шақырылуы дұрыс болыпты деп жатқандар аз емес. Ал мұны аз дейтіндер де бар. Қалай болғанда да әскери дайындықтан өтетіндердің қарасы жыл сайын осылай көбейіп жатса қанеки. Былтыр ондай дайындықтан 189 офицер, 275 сержант және 1036 қатардағы жауынгер өткен екен. Олардың дені Алматы қаласы мен Алматы және Жамбыл облысынан шақырылған. Ал биыл шақырылатындар екі есе артып отырғандықтан, өзге өңірлерді де қамтыса керек.

Өткен жылдың қарашасында қызметке жарамды запастағы офицерлерді 2024 жылдан бастап 24 айға, яғни екі жылға әскерге шақыру туралы хабарланған еді. Бұл Қарулы Күштердің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің, Төтенше жағдайлар министрлігінің және Ұлттық ұланның құрамын запастағы офицерлермен толықтыру және ондағы әскери қуатты арттыру үшін керек делінген. Бұл мақсатта биыл 752 офицердің екі жылға шақырылатыны айтылған.

2025 жылдан бастап әскери қызметте еріктілер көбеюі мүмкін. Қорғаныс министрлігі алдағы уақытта әскери қызметті өз еркіммен атқарамын деген еріктілермен келісім-шарт жасауды арттырады деген әңгіме бар. Оларға ең төменгі жалақы төленіп, әскерде қызмет ету кезіндегі өзге шығынның бәрі бюджеттің есебінен  болуы үшін мемлекет 3,5 миллиард теңге бөлетіні де алдын ала айтылды.

Ал енді жалпы қанша адам әскери қызметке шақырылды дегенге келсек, өткен күзде, яғни 2023 жылдың күзгі шақырылым науқанында мерзімді әскери қызметке 19 мыңнан астам адам шақырылған. Оның 8 мыңнан астамы Қарулы күштерге, 6 мыңы Ұлттық ұланға, 3 мыңы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне, 300-і Мемлекеттік күзет қызметіне, 300-і Төтенше жағдайлар қызметіне шақырылды.

2024 жылға әскерге шақыру жөніндегі Президент Жарлығы да дайындалды. Жарлық «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2024 жылдың наурыз-маусымында және қыркүйек-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы»  деп аталады.

Президент Жарлығын орындау үшін Үкімет Қаулысының жобасы әзірленді. Онда заңмен белгіленген тәртіппен әскерге шақырылымды ұйымдастыруда облыс әкімдеріне және Астана, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдеріне, ішкі істер органдарына және көлік қызметіне бірқатар міндеттер жүктелген.

Әкімдер 2024 жылдың наурыз-маусым және қыркүйек-желтоқсан айларында әскерге 18 бен 27 жас аралығындағы қызметке жарамды 39 176 ер адамды әскерге шақыруды және шақыру комиссиясын ұйымдастырады. Әкімдер өзінің басқару аумағындағы шақыру тіректерін медициналық комиссиямен қамтамасыз етеді. Әскерге шақырылғандарды жинау және аттандыру тіректерінде ішкі істер органдарының қызметкерлері күшейтілген кезекшілік ұйымдастырады.  Ал Көлік министрлігі мерзімді әскери қызметтен запасқа шығарылған әскерилерді және Қарулы күштерге жаңадан шақырылғандарды тасымалдауды ұйымдастырады.

2023 жылдың наурыз-маусым және қыркүйек-желтоқсан айларында әскерге 18 бен 27 жас аралығындағы 37 056 адам шақырылған. Биыл былтырғыдан бар-жоғы 2 120 адам артық шақырылады.    

«Сағаты – 100 миллион теңге»: Тұрсен Алагөзовтің бір күндік образы белгілі болды «Алматының түндері-ай»: Қайрат Нұртас орындайтын әннің авторы туындының қалай хитке айналғанын айтты Шалыс басқан жастарға жазаны жеңілдету ұсынылды Украинада 300-ге жуық қазақстандық болуы мүмкін Шымкент әкімі де футболға бөлінетін қаржыны қысқартатын болды АҚШ түшкірсе, Ресей тұмаурата ма: Жаңа санкциялар қандай? «Ота кезінде көп қан кеткен»: Семейлік ана 13 жасар ұлының өліміне дәрігерлерді кінәлайды Украина мен НАТО шұғыл кеңес өткізеді «Балғамен ұрып өлтірмек болды»: ер адам әйелінің жұмысына келіп, оны ұрып өлтірмек болған (ВИДЕО) Мұнайшылар ереуілі: Жұмыскерлерге қысым көрсетіліп жатқаны рас па? Жаңа жылда 4 қаңтарға дейін демалыс болмақ eGov қосымшасы арқылы қазақстандықтардың несие тарихы қадағаланады Елімізде банан емес, адам саудасы «қызып» тұр Журналист Гүлмира Әбіқай елден ақша жинайтын тағы бір қайырымдылық қорының былығын ашты Бокстан Азия чемпионатында ел намысын кімдер қорғайды? Нұрбике Нұрқаділова өмірден өтті: Заманбек Нұрқаділовтің бірінші жары соңғы сұхбатында қандай шындықты айтып кетті? Майқайыңдағы масқара: Ағасы мен қарындасы зорланған «Зорлады» деп жалған арыз жазатын нәзік жандылар азаймай тұр «Бейбітшілікті қалайтындарға түкіргені бар»: Зеленский Путиннің мәлімдемесіне жауап қатты Путин Украинаға атқылаған «Орешник» зымыраны сәтті сыналғанына сүйінші сұрады