783

Қарағандыда 14 адам өрттен құтқарылды

Қарағанды қаласында болған өрттен 14 адам құтқарылды. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

Қарағандыда 14 адам өрттен құтқарылды
ТЖМ
 

13 қаңтарда он қабатты тұрғынүйде электрщит подъездеріндегі 12 метр электржелісі оқшаулағышы және балалар арбасы мен велосипедтің кей бөліктері өртенген.

Өрт бір сағаттан аз уақытта сөндірілді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

ТЖД күштері баспалдақ арқылы 14 адамды, оның ішінде 8 баланы құтқарды.