712

Назарбаевтың немере інісін тергеу аяқталды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы орынбасары Самат Әбішке қатысты тергеу аяқталды. Іс сотқа жіберілді.

Назарбаевтың немере інісін тергеу аяқталды
ашық дереккөзден
 

Бас прокуратура Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісінің ісі сотқа жолданғанын мәлім етті.

«Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Cотқа дейінгі тергеп-тексеру қызметі С.Әбішке қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтағанын хабарлаймын. ҚР Қылмыстық кодексінің 362-бабының 4-бөлігі бойынша іс қозғалып, сотқа жолданды», - делінген аталған қызметтің басшысы Ризабек Ожаровтың Kazinform агенттігіне берген ресми жауабында.