Қазақстанның стартап-экожүйесі 2023 жаһандық индексінде Орталық Азиядағы көшбасшылығын растады

18.01.2024, 13:58
941
Қазақстанның стартап-экожүйесі 2023 жаһандық индексінде Орталық Азиядағы көшбасшылығын растады gov.kz

Бүкіл әлемдегі стартап-экожүйелерді талдауға маманданған StartupBlink жетекші зерттеу орталығы 2023 жылдың қорытындысын жариялады. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

Қазақстанның бас қаласы Астана қарқынды өсім көрсетіп, жаһандық деңгейде 25 позицияға көтеріліп, аймақтық рейтингте бірінші орынға шықты. Осы табысы үшін Astana Hub технопаркі беделді Startup Ecosystem Awards сыйлығымен марапатталды.

 «Астананың Орталық Азиядағы ең үздік стартап экожүйесі үшін марапаттауы аймақтың дамуындағы маңызды кезеңді білдіреді. Astana Hub инновациялар мен стартаптардың өсуіне қолайлы жағдай жасау арқылы осы жетістікте шешуші рөл атқарды. Бұл жетістік Қазақстанның Орталық Азиядағы стартап сахнасында өсіп келе жатқан ықпалы мен көшбасшылығын көрсетеді», - деді Махмод Шамси, StartupBlink бизнесті дамыту бөлімінің басшысы.

StartupBlink Startup Ecosystem Awards жеңімпаздарын анықтау 40-тан астам параметрлерді, соның ішінде популяция көлемін, аймақтық ықпалды және басқа да факторларды ескеретін күрделі алгоритмге негізделгенін атап өтеді. Бұл жүйе объективті және жан-жақты тануды қамтамасыз етіп, әртүрлі деңгейде стартаптық экожүйелердің дамуына ықпал етеді.

 «StartupBlink  бүкіл әлем бойынша стартап-экожүйелер туралы сенімді ақпарат көзі болып отыр. Сондықтан бұл рейтингте мойындалу стартаптарды қолдау және дамытуға бағытталған күш-жігеріміздің нақты нәтиже бере бастағанын көрсетеді. Бұл жетістіктерімізге берілген жоғары баға ғана емес, әлемдік инвесторлардың назарын аудартуға да жол ашары анық. Біз жаһандық инвестициялық қауымдастықты стартап-инновациядағы көшбасшылық жолымызға қосылуға шақырамыз», - деді Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин.

StartupBlink туралы:

StartupBlink – бүкіл әлем бойынша стартап-экожүйелердің динамикасын анықтауға және олардың өсуін жеделдетуге арналған стартап-экожүйе картасы және зерттеу хабы. Олардың жыл сайынғы рейтингтері мен марапаттары бүкіл әлемдегі стартаптар қауымдастығындағы әсер мен инновацияны мойындайды.

Astana Hub туралы:

Astana Hub – Орталық Азиядағы ең ірі технопарк, оның қызметі IT-бизнес үшін экожүйені құруға және дамытуға, IT мамандарын оқытуға және стартап жобаларды қолдауға бағытталған. Бүгінгі таңда технопаркте 1400 IT-компания тіркелген, оның ішінде 400-ге жуық шетелдік қатысумен. Олар бизнесті дамыту және масштабтау бағдарламаларын, арнайы салықтық және визалық шарттарды, ақпараттық-білім беруді және материалдық инфрақұрылымды қоса алғанда, жан-жақты қолдау алады.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді