Тексеру барысында 51 бұзушылық анықталды, бұзушылықтарды жою мақсатында 50 нұсқама тапсырылған еді. Нәтижесінде жалпы сомасы 7935 мың теңгені құрайтын 208 әкімшілік айыппұл салынды.
Министрлік бұзушылық фактілерін 8 бап бойынша анықтады. Атап өтетін болсақ:
- ҚР ӘҚБтК 299-бабының 3-бөлігі "бөгеттерді декларацияланатындарға жатқызу критерийлеріне сәйкес келетін, қауіпсіздік декларациясы жоқ тірек Гидротехникалық құрылыстарды пайдалану", 2760,0 мың теңге сомасына 4 әкімшілік айыппұл салынды;
- ҚР ӘҚБтК 358-бабының 2-бөлігі "суды ластанудан, бітелуден және сарқылудан қорғауды, сондай-ақ су режимінің жай-күйін жақсартуды қамтамасыз ететін гидротехникалық, технологиялық, орман мелиорациялық, санитарлық және басқа да іс-шараларды жүргізбеу" 995,0 мың теңге сомасына 7 әкімшілік айыппұл салынды және өндірілді;
- ҚР ӘҚБтК 359-бабының 2-бөлігі "су шаруашылығы құрылыстары мен құрылғыларын пайдалану қағидаларын бұзу" 69,0 мың теңге сомасына 2 әкімшілік айыппұл салынды және өндірілді;
- ҚР ӘҚБтК 360-бабының 2-бөлігі "су ұңғымаларын заңсыз бұрғылау және жер асты суларын алу құрылысын салу", 69,0 мың теңге сомасына 1 әкімшілік айыппұл салынды және өндірілді;
- ҚР ӘҚБтК 361-бабы "суларды бастапқы есепке алуды жүргізу және оларды пайдалану қағидаларын бұзу", 262,0 мың теңге сомасына 3 әкімшілік айыппұл салынды және өндірілді;
- ҚР ӘҚБтК 362-бабы "су кадастрын есепке алу және есептілік деректерін, су ресурстарын кешенді пайдалану және қорғау схемаларын бұрмалау, сондай-ақ оларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде ұсынбау", 26,0 мың теңге сомасына 1 әкімшілік айыппұл салынды және өндірілді;
- ҚР ӘҚБтК 141-бабының 1-бөлігі "су объектілерін заңсыз басып алу, оның ішінде сарқынды және басқа да суларды ағызу, суды заңсыз пайдалану, су пайдалану құқығын басқаға беру, сондай-ақ суға мемлекеттік меншік құқығын бұзатын тікелей немесе жасырын нысанда басқа да мәмілелер жасау" 1684,0 мың теңге сомасына 186 әкімшілік айыппұл салынды және өндірілді;
- ҚР ӘҚБтК 141-бабының 2-бөлігі "лимиттерді бұза отырып су алу, рұқсат етілген көлемдерден асып кету, суды пайдаланудың белгіленген режимдерін сақтамау, гидротехникалық жұмыстарды заңсыз жүргізу, су объектілерінен өндірілген немесе бөлінген жерасты және жер үсті суларын.
Еске сала кетейік, бұған дейін министр мырза су тұтынуды бақылауды күшейту үшін инспекция штатын 1,5 есеге арттырғанын алға тартты. Осыған дейін елімізде бассейіндік инспекция қызметкерлерінің саны 98 адам болды. Оған қоса олардың материалдық- техникалық базасы да жаңартылатынын айтты.
Авторлары: Ислам Достов, Алтынай Бақытбек