«Есі сау ма, осы уағызшысымақтың? Сәлем айтыңдар ұстаздарыңа» – Айгүл Елшібаева

Аиса Махамбет Редактор
03.02.2024, 11:40
18753
«Есі сау ма, осы уағызшысымақтың? Сәлем айтыңдар ұстаздарыңа» – Айгүл Елшібаева collage smartnews.kz

«Бұл не сұмдық?»

SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, термеші, жыршы Айгүл Елшібаева әйелдерді сөзінде тұрмайды деп атаған діни ұстаз, уағызшы Жарқын Мырзатаевтың сөзіне жауап қайтарды.

Желіде уағызшының «Әйел егер сөзінде тұрса бар ғой, онда ол таза әйел емес. Еркек шатыс па, бірбәле анау. Ол әйел сөзінде тұрмау керек. Сол үшін қатын болады ол?! Сол үшін сөзінде тұрмайтын адамды «қатын екенсің» деп айтады» деген уағызы тарады.

Діни ұстаздың бұл мәлімдемесіне термеші Айгүл Елшібаева ашуланып, Жарқын Мырзатаевты «уағызшысымақ» деп атады.

«Есі сау ма, осы уағызшысымақтың? Сонда қатындардың уәдесінде тұрмайтын, екі жүзді болғанын қалай ма? Уәде құдай сөзі деген тек еркекке арналған пәтуа ма? Уәде-құдай сөзі деген бүкіл адамзаттың ішінде еркек, әйел заузатына, мұсылманға айтылған пәтуә емес пе? Уәдесінде мұсылман ғана тұра алады. 
Еркек қана сөзінде тұратын мұсылман, әйел сөзінде тұрмайтын, шайтанның жетегіне кеткен, кәпір болу керек па? Әйел сөзінде тұрмайтын кәпір болса ғана, қатын қылып алу керек па? Бұл не сұмдық? 

Байдың қабағын баққан, бала баққан, отбасының берекесін келтірген, бір сөзді, иманды әйел заузатын, қазақ нағыз қатын деген екен.

Бір байға, я балаға ие болмаған, екі сөйлейтін, сөзінің тұрағы жоқ, табанының бүрі жоқ, жел қай жақтан шықса, сол жаққа ауа салатын әйелді қатын емес, қалаш дейді қазақта. 

Қатын мен қалашты айыра алмай, қатын екі сөйлемесе қатын емес, деп отырғанға, айта барыңдар, ол қалашты қатынмен шатастырып отыр деп. Ол кісіні қатын емес сөзінде тұрмайтын қалаш қана қызықтыратын шығар.

Қазақтағы қатын-қалаш, ханым, бикеш ұғымын ажырата алмай осындайлар пабликке шығарып уағыз таратқасын қатын-қатын болмай қалашқа айналып бара жатыр.

Қатындар темасына өзінің, шала сауатымен, еш жерде жазылмаған, ғылымға, әдет-ғұрып заңына енбеген коучтардың сандырағын естіп, баға бермесінші деп сәлем айтыңдаршы, ұстаздарыңа, пажалыста», - деді жыршы.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады