1880

Әлемдік жұлдыз Джейсон Дерулоға алматылықтар шапан сыйға тартты

Жұлдыз Қазақстанда концерт бермек.

Әлемдік жұлдыз Джейсон Дерулоға алматылықтар шапан сыйға тартты
видеодан алынған кадр

SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, танымал америкалық әнші Джейсон Дерулоға Алматыға келген соң шапан жапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі жазды.

Әнші әрі биші 3 ақпанға қараған түні Алматыға келді. Оны концерт ұйымдастырушылары күтіп алды. Джейсон бірден шапанды киіп, әуежайдан шыққанша шешпеген. 

Джейсон Деруло әнші, биші әрі актер ретінде танымал. R&B жанрында 5 альбом шығарған. 13 әні платина жүлдесін иеленіп, бейнебаяндарының қаралымы 7 миллиардтан асады. 

Еске салайық, бұған дейін Алматыға әнші 50 Cent келген еді. 

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор