Түркістан облысында босануға барған 18 жастағы келіншек перзентханада көз жұмды

06.02.2024, 11:25
2110
Түркістан облысында босануға барған 18 жастағы келіншек перзентханада көз жұмды Видеодан алынған кадр

Түркістан облысында босануға барған 18 жастағы әйел қайтыс болды. Бұл туралы Aikyn.kz хабарлап отыр.

КТК телеарнасының хабарлауынша, Севара Абдуллаева Қарабұлақ ауылының ауруханасына толғақпен түскен. Марқұмның туыстары оның ешқашан ауырмағанын, дәрігерлердің салғырттығынан қайтыс болды деп топшылап отыр.

Қара жамылған Әбілқасымовтар әулеті бір аптадан бері аза тұтып жатыр. Тұңғышын босануға кеткен келіндерінің ауруханадан мәйіті шыққан. Марқұмның жақындары Севараның көзі тірісінде ешқандай ауруы болмаған дейді. 24 қаңтар күні босанған кезде енесі тіпті көріп қайтқан екен. 

Босанғаннан кейін үш күн өткенде Севараның жансақтау бөліміне түскенін ауруханадағы кездейсоқ адамдардан біліпті. Енесінің сөзінше, дереу ауруханаға жеткенде дәрігерлер ештеңе түсіндіріп айтпаған. Тұңғышын босанған келіншек жансақтау бөлімінде екі сағат өткен соң көз жұмыпты. Туыстары дәрігерлер оның мәйітін көруге де мүмкіндік бермеді деп отыр.

"Менің күдігім, сағат 2-де түскенде, келінім жақсы еді. Дәрігердің салғырттығынан, қате екті ме, қателік жіберді ме... Өлетін келін емес еді. Бір сағат ішінде болды ғой. Қалай сенесің, ауырмаған келінді өлтіріп қойғанына. Жүрегі жарылып кетті деп жатыр. Бір рет жүрегіне шағым айтқан емес. Тоғыз ай жүріп, өзі туған келін, қалай жүректен өліп қалады", - дейді марқұмның енесі Гаухар Абулкасимова.

Дәрігерлер үш күн палатада жатқан Севараның "кенеттен жүрегі қысылды" дейді. Сондықтан бірден жансақтау бөліміне жатқызып, облыстың ең білікті деген мамандарын санавиациямен шақыртыпты, бірақ мамандар жеткенше "өмірден озды" дейді. Ал мәйітті тексерген Шымкенттің паталого-анатомиялық бюросы марқұмның өкпе тамыры үзіліп кеткенін анықтапты.

"Ол сараптама қорытындысы, алдын ала болжамы өкпе тамыры тромбоэмболиясы деген. Қорытындысынан кейін бірнеше комиссия келіп, бұл іс тексерілетін болды, бақылау комитеті жағынан, денсаулық басқармасы жағынан. Одан бөлек, өздері ішкі істер бөліміне арызданды. Ол жақтан да тергеу жүргізіліп жатыр", - дейді Қарабұлақ ауруханасының бас дәрігері Дәулет Мұсаев.

Севара Абдуллаеваның мәйіті 28 қаңтар күйеуінің туған күні Қарабұлақ ауылында жерленді. Жаңа туған сәби Айша әкесінің қарындасымен бірге Шымкенттегі перинаталдық орталықта жатыр. 

Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО)