Атыраулық келіншек Бейбіт Қорғаннан баласы барын айтты: әйелдің заңгері істің мән-жайын мәлімдеді

Аиса Махамбет Редактор
08.02.2024, 18:16
1637
Атыраулық келіншек Бейбіт Қорғаннан баласы барын айтты: әйелдің заңгері істің мән-жайын мәлімдеді collage smartnews.kz

Әйелдің адвокаты жақында ДНҚ сараптамасын тапсырған өнер иесіне қатысты істің мән-жайын "Астарлы ақиқат" бағдарламасында мәлім етті.

SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, былтыр қарашада атыраулық келіншек Бейбіт Қорғаннан төрт жасар ұлы барын айтқан болатын. Әйелдің адвокаты жақында ДНҚ сараптамасын тапсырған өнер иесіне қатысты істің мән-жайын "Астарлы ақиқат" бағдарламасында мәлімдеді. Бұл туралы nur.kz жазды.

Бағдарламаның өткен санында атыраулық келіншекке танымал заңгер Тілеужан Кішкенебаев көмектесетінін айтқан болатын.

«Әншіні сотқа беруге ұйғардық. Өйткені, ол өз еркімен АХАТ бөліміне келіп, балаға тегін беруден бас тартты. Сол себепті сот арқылы жасауға мәжбүр болдық. Атырау қаласының кәмелет жасқа толмағандардың ісі бойынша іс сотқа түсті. Сот отырысына Бейбіт Қорғанды шақырды. Әншінің қорғаушысы келді. Ол талаппен келіскен жоқ.

«Баланың әкесі емеспін» деді. Одан кейін сараптама тағайындалды. Қазіргі уақытта сарапшыларға өткіздік. Қорытындысын күтіп отырмыз. Егер баланың әкесі екені расталса, ары қарай шешімді сот шығарады. Яғни, әкесі екенін таниды және алимент өндіріледі. Ол кісінің өзі сотқа қатыспады. Қорғаушысын жіберді. Қорғаушы арқылы әкесі еместігін баяндады», –  деді Тілеужан Кішкенебаев.

Еске сала кетейік, атыраулық келіншек осыдан 5 жыл бұрын әнші Бейбіт Қорғанмен көңіл жарастырып, ұлды болғанын айтты. Әйел төрт жасар баласы әншінің ұлы екеніне сенімді  болатын. Алайда Бейбіт Қорған бағдарлама редакторларына телефон арқылы жауап беріп, ол әйелді танымайтынын жеткізді және әнші ДНҚ тапсырудан бас тартты.

«Жоқ, мен ондайды білмеймін. Екінің бірі «Менен балалы болдым» десе, әрқайсысына ДНҚ тапсыруым керек пе? Қалай сонда? Екінің бірі солай айта берсе, сене бермейміз ғой. Мен бармаймын. Не үшін баруым керек? Танымайтын адамның айтқанына жүгіріп бара бермеймін. Ондай адам емеспін. Танымаймын», –  деп жауап берген еді Бейбіт Қорған. 

Ерке Есмаханның тұңғышы АҚШ-қа аттанды Трамп: «Мен Хаменейді масқара әрі ауыр өлімнен құтқардым» «Мен бәрін тоқтаттым»: Төреғали Төреәлі сахнадан кетті Иранда генералдар мен ядролық ғалымдар жерленді Ақтөбеде ер адам немересімен бірге суға батып кетті 5 жасар қыз баланы зорлаған 70 жастағы қария ұсталды Дәретханада қаза болған Мирас Мәлік оқыған мектептің директоры жұмысына қайта оралды Енді Америкада дүниеге келген сәбилерге автоматты түрде азаматтық берілмейді Алматыда тұрғындар көршісінің «балконнан боқ төгетінін» айтып шағымданды «Ерлі-зайыптының мәйіті табылды»: Ресей Одессаға соққы жасап, адамдар қаза тапты Үкімет Арқалықтағы жылу желілері жаңартуға 250 млн теңге бөлді Еуропа түгел отқа орануы мүмкін: Бірқатар елдерді бұрын-соңды болмаған аптап ыстық жайлады Қыз ұзатуға келген қонақтардың жаппай улануына байланысты қылмыстық іс қозғалды Путин Украинамен келіссөздердің үшінші кезеңіне дайын екенін жеткізді Журналистерге Президент пәтер берді «Канада сес көрсетті»: Трамп Канадамен сауда келіссөздерін тоқтатты Алдағы демалыс күндері елімізде ауа райы қандай болады? Досымжан Таңатаров мінген көліктің дөңгелегі тасжолда ұшып кеткен (ВИДЕО) Айжұлдыз Адайбекова тағы да ана атанбақ (ВИДЕО) Антикор шенеуліктен тәркілеген зәулім үйді көрсетті: Қайтарылған мүлік кімге беріліп жатыр?